Көші-қон

10.02.2024

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (бұдан әрі – ЭЫДҰ, Ұйым) 2023 жылы жарияланған «Австралиядағы аймақтық өнімділік, жергілікті еңбек нарықтары және көші-қон» шолуына сәйкес, Ұйымға мүше елдер жалпы халықтың мигранттарының үлесі бойынша әртүрлі болады.
 
Соңғы екі онжылдықта ЭЫДҰ елдерінде халықтың жалпы санындағы мигранттардың үлесі едәуір артты. Қолда бар деректер бойынша, мигранттардың үлесі 4%-ке, 2000 жылғы 10%-тен 2019 жылғы 14%-ке дейін өсті. Сол кезеңде, Израиль, Эстония және Латвияны қоспағанда, барлық елдер мигранттар үлесінің артқаны туралы хабарлады. Осы кезеңде Австралия мигранттардың едәуір таза ағынын көрсетті, бұнда халық құрамындағы мигранттардың үлесі 23%-тен 30%-ке дейін артты (18,04 млн. адамнан (жалпы халық) 7,6 млн. адам (мигранттар)). Бұл көрсеткіш ЭЫДҰ бойынша 14% орташа көрсеткіштен 2 еседен астам асып түсті. ЭЫДҰ елдері арасында тек Люксембургте (47%) мигранттардың үлесі жоғары болды. Канада (21%), Франция (13%), Германия (16%), Ұлыбритания (14%) немесе АҚШ (14%) сияқты мигранттарды қабылдайтын ЭЫДҰ-ның басқа ірі елдерінде мигранттардың үлесі Австралияға қарағанда едәуір төмен болды.


Бүгінгі күнге дейін Австралия мигранттарды қабылдайтын әлемдегі ең ірі елдердің бірі, олардың көпшілігі Азия елдерінен келеді (2020 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша: Ұлыбритания – 980 мың адам (3,8%), Үндістан – 721 мың адам (2,8%), Қытай – 651 мың адам (2,5%), Жаңа Зеландия – 565 мың адам (2,2%), Филиппиндер – 310 мың адам (1,2%), Вьетнам - 270 мың адам (1,1%), Оңтүстік Африка – 200 мың адам (0,8%), Италия - 178 мың адам (0,7%), Малайзия – 177 мың адам (0,7%), Шри-Ланка - 147 мың адам (0,6%) және т.б.).

1970 жылдарға дейін Австралияға қоныс аудару көбінесе Еуропа азаматтарымен шектелді. Осы уақыт ішінде көші-қон саясатының мақсаты халықтың тұрақты өсуін қамтамасыз ету болды. Соңғы онжылдықтарда Австралия экономикасы үшін пайдалы деп саналатын дағдылары мен біліктілігі бар мигранттарды іріктеу процесіне баса назар аударылды. Бүгінгі таңда Австралиядағы тұрақты мигранттардың көпшілігі ұлттық және аймақтық еңбек нарығының талаптары негізінде немесе жұмыс беруші демеушілік ететін визалар бойынша таңдалады.

Осыған байланысты, Австралияда ЭЫДҰ елдері арасында ең жоғары білімді мигранттар контингенті тұрады. Шамамен 60% мигрант Австралияда жоғары білім алды, салыстыру үшін ЭЫДҰ-ның басқа елдерінде бұл көрсеткіш шамамен 40% құрайды.

Австралиядағы мигранттардың білім деңгейі жергілікті тұрғындарға қарағанда орташа есеппен жоғары болып табылады. ЭЫДҰ-ның мигранттарды қабылдайтын негізгі елдеріндегі білім деңгейіндегі айырмашылықтар жоғары білімі бар мигранттардың үлесі Австралия, Канада және Ұлыбританиядағы байырғы тұрғындардың үлесінен айтарлықтай жоғары екенін көрсетеді. Сонымен қатар, байырғы тұрғындар мен мигранттар арасындағы жоғары білімді адамдардың үлесі арасындағы айырмашылық Австралияда ең жоғары болып табылады, алшақтық 20% құрайды.

ЭЫДҰ-ға мүше барлық елдер бойынша жоғары білімі бар мигранттар, әдетте, жоғары білімі бар жергілікті тұрғындар тұратын аймақтарға қоныстанады. Бұл заңдылықтар австралиялық штаттар мен аумақтарға да тән.

Мысалы, Австралия астаналық аумағында жоғары білімі бар елдегі шетелдіктер мен тумалардың ең жоғары үлесі тіркелді - тиісінше 77% және 57%.
2004-2020 жылдар аралығында Австралияда еңбек өнімділігі ЭЫДҰ-ға мүше басқа елдерге қарағанда тез өсті. Осы кезеңде Австралияның бір жұмысшыға шаққандағы ЖҚҚ-мен өлшенетін өнімділігі жыл сайын орта есеппен 0,7%-ке өсті. Бұл АҚШ-тан басқа іріктемедегі ең жоғары өсім, олар жыл сайын жан басына шаққандағы ЖҚҚ-ны 1,3%-ке арттырды. ЭЫДҰ-ның көптеген басқа елдерімен (мысалы, Франция мен Германия) салыстырғанда, Австралия 2008 жылғы жаһандық қаржылық дағдарыстан кейін еңбек өнімділігінің төмендеуіне немесе тоқырауына тап болмады. Жалпы алғанда, Австралияда еңбек өнімділігі 16 жыл ішінде үздіксіз артып келеді.

Австралия статистика бюросының (ABS) мәліметі бойынша 2016-2017 жж. мигранттар Жалпы жеке табысы 112 миллиард австралиялық доллар әкелді, бұл ұлттық табыстың 13%-іне сәйкес келді. 

Соның ішінде:
  • жалпы табыстың шамамен 91%-ын жұмыскерлердің табысы құрады (102 млрд. австралиялық долл.);
  • мигрант салық төлеушілердің жартысынан көбінде (61%) білікті визасы болды (28% - отбасылық виза, 5,7% - уақытша виза және 5,3% - гуманитарлық виза);
  • білікті мигранттар мигранттар алатын жалпы табыстан 72% әкелді.

Австралияның көші-қон кеңесінің «Көші-қонның экономикалық салдары» есебіне сәйкес елдің халқы 2050 жылға қарай 38 миллион адамды құрайды, ал Австралияның ЖІӨ-ге көші-қон үлесі 1,6 трлн австралиялық долларды құрайды деп болжануда.
 
Сонымен қатар, келесі болжамдар жасалды: 
  • жұмыс күшінің қатысу деңгейін 15,7%-ке ұлғайту;
  • салықтан кейінгі біліктілігі төмен жұмыскерлердің нақты жалақысының 21,9%-ке өсуі;
  • жан басына шаққандағы ЖІӨ-нің 5,9%-ке өсуі.

Жалпы алғанда, 2050 жылға қарай әрбір жеке мигрант орташа есеппен Австралия экономикасына жергілікті тұрғындарға қарағанда шамамен 10% көп үлес қосады.

Көші-қон бағдарламасы болмаған жағдайда, 2050 жылы Австралия халқы 24 млн. адамды ғана құрайтын еді, алайда, бағдарламаны іске асыруды ескере отырып, 2050 жылға қарай халық саны 38 млн. адамды құрайды деп болжануда.

2050 жылға қарай жұмыспен қамтудың 45,1% пайыздық өсімі 37,0% халықтың өсімінен артады. Сонымен қатар, көші-қон Австралияның жоғары білікті ел мәртебесін сақтауын қамтамасыз етеді, өйткені бұл университеттік білімі бар халық санының 60,4%-ке өсуіне алып келеді.

Осылайша, көші-қонның экономикалық әсері экономиканың барлық аспектілерінде көрінетінін атап өткен жөн. Ол халық санының өсуіне ғана емес, сондай-ақ еңбек қызметіне және жұмыспен қамтуға қатысуға, жалақы мен табысқа, ұлттық дағдылар базасына және таза өнімділікке де терең оң әсер етеді.


Қазақстанда болып жатқан жағдайды талдай отырып, 2000 жылдан бері халықтың сыртқы көші-қонының теріс сальдосы біртіндеп төмендегені (-108,307-ден -8,306-ға дейін), 2004 жылдан 2011 жылға дейін (2,789-дан 5,096-ға дейін) оң өсім аз байқалғаны, бірақ содан кейін қайтадан төмендегені тіркелді. Сонымен бірге, 2012 жылдан 2022 жылға дейін осы кезең ішінде 178 356 адамның кетуіне әкеп соққан тағы да теріс сальдо (-1 426-дан -6 722-ға дейін) байқалды.

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес негізінен Қазақстаннан жоғары білімі бар және кәсіби тәжірибесі мен дағдылары бар еңбекке қабілетті жастағы халық (техниктер, педагогтер, медицина қызметкерлері, ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері, сәулетшілер мен құрылысшылар) кетеді. Осылайша, бүгінгі таңда кәсіби жұмыс күшінің Қазақстаннан кетуі кадрлар тапшылығын туғыза отырып, отандық еңбек нарығына кері әсерін тигізуде.

Осыған байланысты, Австралияның тәжірибесін ескере отырып, кәсіби жұмыс күшінің кетуі мәселесін шешу ретінде Қазақстан үшін ұсынылады:
  • натуралдандыру рәсімін жеңілдету (тұрақты иммигранттар үшін) және осы тізілімнің талаптарына сәйкес келетін иммигранттар (уақытша еңбек иммигранттары үшін), мамандықтар мен кәсіби тәжірибе үшін жұмысқа рұқсат алу мақсатында елде мамандар тапшылығы бар кәсіптердің толық тізілімін әзірлеу; 
  • қажетті аймаққа қоныс аударуға келіскен мамандар (иммигранттар) үшін жеңілдетілген схеманы және азаматтықты алудың қысқартылған мерзімдерін көздеу;
  • Қазақстанда білім беру мүмкіндіктері туралы толық ақпарат беретін шетелде ақпараттық орталықтар құру арқылы шетелдік студенттер мен аспиранттарды тарту; 
  • ғалымдар мен қабілеті жоғары адамдар үшін визалардың жарамдылық мерзімін ұзарту, сондай-ақ ғылыми дәрежесі мен біліктілігі жоғары адамдар үшін азаматтығын алу кезінде қосымша преференциялар беру.

Жалпы алғанда, қорытындылай келе, кәсіби көші-қон, Австралияда сияқты, экономикалық даму үшін игілік болып табылатынын және Қазақстанға өзінің инновациялық әлеуетін іске асыруға мүмкіндік беретінін атап өтуге болады. 

Алибек Райпов
 орталық директорының орынбасары



Барлық мақалалар

Қарау саны: 0
Сақталған: 21.12.2024





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!