Қазақстандағы демографиялық жүктемені өңірлік деңгейде саралау

15.02.2024

Елде 2010 жылдан бастап еңбекке қабілетті халықтың үлесінің жыл сайынғы төмендеуі байқалды (15-64 жас аралығында), бұл негізінен туудың салыстырмалы түрде жоғары деңгейімен және халықтың жас құрылымындағы өзгерістермен байланысты.

Еңбекке қабілетті жастағы халықтың үлесінің төмендеуі елдің барлық аймақтарына тән. Бұл ретте, өзгеру динамикасы мен факторларында белгілі бір айырмашылықтар бар. Егер осы көрсеткішті 2010 жылдың басында және 2023 жылдың басында салыстыратын болсақ, онда халықтың құрылымындағы балалар үлесінің өсу деңгейі жоғары өңірлерде ең көп төмендеу байқалды. Мысалы, көрсетілген кезеңде Астана қаласында 15-64 жас аралығындағы халықтың үлесі 75,6%–тен 65,2%-ке дейін (10,4 проценттік тармаққа), ал Алматыда - 74,0%-тен 65,0%-ке дейін (9,0 проценттік тармаққа) қысқарды. Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында төмендеу 8,8 проценттік тармақты құрады.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстары сияқты өңірлерде халықтың берілген жас тобының үлесінің төмендеуі ел бойынша орташа деңгейден төмен (2010-2023 жылдары тиісінше 4,7, 5,1 және 5,4 проценттік тармаққа).


Бүгінгі күнде өңірлер бөлінісінде еңбекке қабілетті халықтың жоғары үлесі көбінесе солтүстік, шығыс, орталық облыстарда және республикалық маңызы бар Астана мен Алматы қалаларында байқалады. Олардың көпшілігіне туудың салыстырмалы түрде төмен деңгейімен және халықтың қартаюының жоғары деңгейі тән. Тиісінше, балалардың демографиялық жүктемесі (0-14 жас) төмен, ал егде жастағы адамдар (65 жаста және одан асқан) ел бойынша орташа деңгейден жоғары.

2023 жылдың басында өңірлер арасында еңбекке қабілетті жастағы халықтың ең жоғары үлесі (65,9%), демек, жалпы демографиялық жүктеменің ең төмен коэффициенті (517 балалар мен еңбекке қабілетті жастағы 1000 адамға шаққанда қарт адамдар) Қостанай облысында тіркелді. Солтүстік Қазақстан облысында еңбекке қабілетті жастағы 1000 адамға 525 еңбекке жарамсыз адам келді, оның 308–і бұл балалар (облыстағы жалпы демографиялық жүктеменің 58,7%) және 217-сі - қарт адамдар (41,3%).
 
Астана және Алматы қалаларында халықтың жас құрылымына ішкі көші-қон процестері айтарлықтай әсер ететін үрдісті атап өту қажет. Елдің бұл екі ірі қаласы ішкі мигранттарды тарту орталығы болып қала береді, олардың негізін еңбекке қабілетті жастағы адамдар құрайды.

Астанада қарт адамдардың демографиялық жүктемесі өңірлер арасында төмен (еңбекке қабілетті жастағы 1000 адамға 89,1). Айтарлықтай жүктеме балалардың есебінен (еңбекке қабілетті жастағы 1000 адамға 445,0), бұл ретте ол орташа республикалық деңгейден сәл төмен.

Өңірлер арасында еңбекке қабілетті халықтың ең төмен үлесі еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде байқалады, олар туу деңгейі жоғары және егде жастағы халықтың төмен үлесімен ерекшелінеді. Берілген өңірлер негізінен балалардың демографиялық ауыртпалығын сезінеді. Мысалы, 2023 жылдың басында Түркістан облысында жас жастағы демографиялық жүктеме коэффициенті еңбекке қабілетті жастағы 1000 адамға шаққанда 650,3 (жиынтық жүктеменің 87,4%), ал үлкендер - 94,0 (12,6%) құрады.

Өңірлер бөлінісінде деректерді талдау негізінде келесі қорытындылар жасауға болады:
  • 2010-2023 жылдар аралығындағы кезеңде барлық өңірлерде, жалпы ел бойынша сияқты, еңбекке қабілетті халық үлесінің азаюы байқалды. Ең үлкен төмендеу көбінесе туу деңгейі салыстырмалы түрде жоғары өңірлерде болды;
  • Еңбекке қабілетті халықтың үлесі бойынша өңірлер арасында айтарлықтай сараланым байқалады. Еңбекке қабілетті жастағы халықтың ең төмен үлесі бар өңірлер негізінен балалардың демографиялық жүктемесінің жоғары деңгейімен ерекшеленеді. Өз кезегінде, жоғары көрсеткіштері бар көптеген өңірлерде еңбекке қабілетті халыққа қарттардың жүктеме коэффициенті ел бойынша орташа көрсеткіштен жоғары;
  • Туудың төмендеуі және ХХ ғасырдың 50-60 жылдарында туылған халықтың көптеген шоғырлануына біртіндеп ауысуы аясында елдің барлық дерлік өңірлерінде егде жастағы адамдардың демографиялық жүктемесі артып келеді.

Анас Абуов 
жетекші сарапшы



Барлық мақалалар

Қарау саны: 0
Сақталған: 15.02.2024





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!