16.02.2024
Бүгінгі таңда әлеуметтік желілер қоғам өмірінің маңызды бөлігіне айналды, және біздің әлемді қабылдауымызды қалыптастырудағы технологияның рөлі күн өткен сайын артып келеді.
Instagram, Snapchat және TikTok сияқты әлеуметтік желілердегі құралдар тек көңіл көтеру тәсілдеріне ғана емес, сондай-ақ дисморфофобия синдромын жеңуге арналған құралдарға да айналды.
Анықьама үшін: дисморфофобия синдромы оның сыртқы түріне шамадан тыс алаңдаушылық, оны жақсартуға деген ұмтылыс ретінде байқалады, бұл соның салдарынан ауыр жай-күйге айналады.
Осылайша, Dove брендін зерттеу нәтижелері бойынша, тіпті жасөспірім қыздар да сүзгілер арқылы сыртқы түрін өзгертеді. Сауалнамаға қатысқандардың 80%-ы 13 жасына қарай фотосуреттерде өздерін түзетіп үлгерді.
Сыртқы келбетін өзгерту бойынша қосымшаларды бақылаусыз пайдалану бір жағынан халықтың психологиялық әсеріне теріс ықпал етеді, ал екінші жағынан инвестиция тарту мүмкіндігіне байланысты бизнеске оң әсер етеді.
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары шеңберінде бірқатар жалпыұлттық басымдықтарды ескере отырып, бизнесті дамыту үшін ғана емес, сондай-ақ адамдардың денсаулығын сақтау үшін де шаралар қабылдау қажет.
Әлеуметтік желілерде сүзгілерді пайдалануды реттеу бойынша халықаралық тәжірибені зерделеу қажет деп санаймын.
Осылайша, Франция сұлулық жарнамаларында сүзгілерді тиісті ескертусіз пайдалануға тыйым салу туралы заң қабылдады. Ұлыбритания мен Канадада сұлулық стандарттарына қатысты сүзгілерді қолдана отырып, жарнаманы шектеу туралы пікірталастар жүргізілуде.
Осыған байланысты әлеуметтік желілердегі кескіннің/көріністің бұрмалануымен байланысты жаңа маңызды аспект пайда болды. Бұл онлайн жарнама, блогерлердің, инфлюенсерлердің жарнамасы. Өйткені, белгілі бір өнімді жарнамалаушы адамның сыртқы түрі жарнаманың «сатылуына» тікелей әсер ететіні ешкімге құпия емес.
Норвегияда жарнама берушілер мен инфлуенсерлерге әлеуметтік желілерде суреттердің фотошопқа ұшырағанын ашпай-ақ, жарнамалық фотосуреттерді желіде бөлісуге тыйым салынады.
Ұлыбританияда депутат Люк Эванс ұсынған дененің цифрлық бейнелері туралы заң жобасы талқылануда. Депутаттың өзі мәлімдегендей: «Егер редакцияланған фотосуретті әлеуметтік желіде жариялау үшін біреуге ақы төленсе, немесе жарнама берушілер, хабар таратушылар немесе баспагерлер өңделген фотосуреттен ақша тапса, онда олар бұл мәселеде адал және ашық болуы керек. Бұл үйлену тойының фотосуреттерін түзетуге немесе жарияланымдағы қызыл көзді кетіруге кедергі жасау деген сөз емес, ол айтарлықтай, ауқымды әсер ететіндерге және
коммерциялық ниеті барларға бағытталған».
Сондай-ақ Қазақстанға тиімді, теңдестірілген және біздің мәдениетіміз бен қоғамның ерекшелігін ескеретін сүзгілерді пайдалануды реттеу саласында шараларды әзірлеу қажет. Бұл процесс бірнеше кезеңдерде жүргізілуі мүмкін, онда бірінші кезекте қызметі медиа контентті тұтынушыларға едәуір әсер ететін блогерлер мен инфлюенсерлердің қызметі реттелетін болады.
2023 жылы блогерлердің жарнамалық қызметін реттейтін нормативтік акт – «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» Заң қабылданды, алайда, осы құқықтық акт адамның сыртқы келбетін өзгертетін технологияларды қолдану тақырыбын қозғамайды.
Осылайша, «сүзгі» үрдістерінің ықтимал теріс дамуын ескере отырып, ҚР Үкіметі тарапынан цифрлық трансформацияға анағұрлым жауапты тәсілді қалыптастыру талап етіледі.
Еркежан Калмакбаева
аға сарапшысы
Барлық мақалалар