17.02.2024
Етті тұтыну бүкіл әлемде тамақтану рационы мен тамақтану мәдениетінің маңызды аспектісі болып табылады. Соңғы бірнеше онжылдықта етке әлемдік сұраныс тұрақты түрде артып келеді, бұл көптеген елдерде халық санының өсуі, урбанизация және өсіп келе жатқан әл-ауқат сияқты факторларға байланысты.
Әдетте, етті көп тұтыну көбінесе дамыған елдерге тән. АҚШ, Аустралия және ЕО елдері сияқты елдер тарихи тұрғыдан ет тұтынудың жоғары деңгейімен ерекшеленді, өйткені бұл елдерде мал шаруашылығы өте дамыған, ал тұтынушыларға түрлі ет өнімдері қолжетімді. Осылайша,
«Wisevoter» консалтингтік компаниясының (АҚШ) зерттеуіне сәйкес орташа есеппен, планетаның бір тұрғыны жылына 49 кг ет өнімдерін тұтынады.
Елдердің ішінде етті Гонконг тұрғындары ең көп тұтынады - 137 кг. (1-орын), АҚШ - 124 кг. (2-орын) және Австралия - 122 кг. (3-орын). Көршілес Моңғолия мен Ресей сәйкесінше 88 кг (14-орын) және 77 кг (34-орын) тұтынады. Қазақстан тұтыну деңгейімен әлем бойынша 54 орында тұр - жылына бір тұрғынға 65 кг. ет.
Бұл ретте, Wisevoter халықаралық компаниясының деректері ҚР Ұлттық статистика бюросының деректерінен едәуір ерекшеленеді. Осылайша, Қазақстанның 2022 жылғы ресми статистикасының деректеріне сәйкес еліміздің әрбір тұрғыны жылына кемінде 78 кг ет тұтынды. Өңірлер бөлінісінде етті азық-түлікке Жетісу, Ақмола және Алматы облыстарының тұрғындары (әрқайсысы 93 кг.), ет және ет өнімдерін Шымкент қаласының тұрғындары (53 кг.) жиі пайдаланады.
Моңғолияда ет тұтынудың жоғары болуы елде мал шаруашылығының өте дамығандығына байланысты. Мәселен, ауыл шаруашылығы секторы Моңғолияның ЖІӨ-нің 13%-ін құрайды және онда жұмыс күшінің үштен бірі қамтылған. Моңғолияның ауылшаруашылық секторының негізгі бөлігін мал шаруашылығы алады (80%), ал жануарлардан алынатын өнімдер елдің ұлттық экспортының шамамен 10%-ін құрайды.
Қазақстан өңірлері бөлінісінде мал шаруашылығының басым бөлігі Түркістан (18%), Жамбыл (12%) және Алматы (10%) облыстарында дамыған, олар республиканың барлық малының 40%-ін құрайды.
Қазақстан мен Моңғолияның аумағы климаты жағынан ұқсас және даму мүмкіндіктері мен мәселелері бірдей. Алайда, талдау көрсеткендей, Моңғолияның мал шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету деңгейі Қазақстаннан едәуір асып түседі.
Моңғолия Президенті 2022 жылы бүкіл ел бойынша «Азық-түлікпен қамтамасыз ету және қауіпсіздік» жалпыұлттық қозғалысын бастағаны мәлім, ол экологиялық таза азық-түлік өнімдерін экспорттауға, мал денсаулығын қолдауға, тауарлардың өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ елдің ішкі қажеттіліктерін кеңінен қолданылатын 19 тағам түрімен қанағаттандыруға бағытталған.
Анықтама үшін: БҰҰ Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының (ФАО) болжамдарына сәйкес, 2030 жылға қарай әлемде ет тұтыну 2018-2020 жылдардағы
орташа көрсеткіштен 14%-ға өсуі мүмкін. Бұл рете, сондай-ақ ет алмастырғыштардың бәсекеге қабілеттілігінің артуы болжануда, өйткені 2025 жылға қарай мал шаруашылығынан алынған ет үлесі 90%-ды құрайды, ал 2040 жылға қарай бұл көрсеткіш 40%-ға дейін төмендеуі мүмкін.
Жасанды жағдайда өсірілген ет бағасы дәстүрлі ет бағасымен салыстырғанда бәсекеге қабілетті болады деп күтілуде, өйткені ет өнімдерінің қоршаған ортаға әсері барған сайын маңызды бола түсуде.
Ерлан Кәрімов
ЦРЗ директоры
Барлық мақалалар