Қазақстан суды ең көп тұтынатын елдер рейтингіне кіреді

26.02.2024

Алматы қаласына жуырдағы сапары барысында ел Президенті елімізде суды тұтыну мәселесін атап өтті. 

«Елімізде су тапшылығы бар. Бізге жалпы мемлекеттік бағдарлама қажет. Бау-бақшаны суару үшін ауызсуды пайдалануға болмайды. Оның орнына су үнемдеу технологиясын қолданысқа енгізіп, жер астынан жаңа су көздерін іздеу қажет. Алматының тұрғындары ауызсудың тапшылығына жиі шағымданады. Сондықтан кешенді, жүйелі жұмыс жүргізілуі керек» - деп мәлімдеді Қ.Ж.Тоқаев.

Анықтама үшін: әлемдегі тұщы судың небәрі 0,5%-і адамның пайдалануына жарамды. Жыл сайын бүкіл әлемде біз шамамен 4 триллион м3 тұщы суды пайдаланамыз. 2022 жылдың басынан бері адамзат 2002 триллион текше метрден астам тұщы суды тұтынды. Адамның тұтынуынан басқа, тұщы суды алудың 70%-і ауылшаруашылық мақсаттары үшін, 20%-і өнеркәсіптік мақсаттар үшін, ал қалған 10%-і тұрмыстық мақсаттар үшін пайдаланылады. 2050 жылға қарай суға деген сұраныс 20%-тен 30%-ке дейін артады деп күтілуде.

Шынымен де, суды көп тұтыну мәселесі бүкіл әлемге де, сондай-ақ Қазақстан үшін де өзекті болып отыр.
 
Аквастат  (ФАО Су және ауыл шаруашылығы жөніндегі жаһандық ақпараттық жүйесі) деректері бойынша 2020  жылы жан басына шаққандағы су алу көлемі бойынша Қазақстан суды ең көп тұтынатын 10 елдің қатарына кірді (1308,2 м3). Қазақстанмен қатар ТМД-ның көптеген елдері де ондыққа кірді.


Экономика секторлары бойынша су алу бөлінісінде қарастыратын болсақ, 63%-ын ауыл шаруашылығының суды тұтыну үлесі және шамамен тең үлесті өнеркәсіп пен тікелей ел халқы тұтынатынын көруге болады.

 
Қосылған құн деңгейі төмен сала бола отырып, ауыл шаруашылығы, бұл ретте, судың ең көп мөлшерін тұтынады, ал бұл, өз кезегінде, суды пайдалану тиімділігіне тікелей әсер етеді. 2-кесте деректерінен көрініп тұрғандай, суды пайдалану тиімділігі бойынша жетекші елдер мен Қазақстан арасында - үлкен айырмашылық бар. Қазақстанда (2020 жылғы деректер бойынша ол 7,4 АҚШ долл./м3 құрады). 

Жалпы алғанда, бұл көрсеткіш еліміздегі су ресурстарын басқарудың қаншалықты тиімді екендігін айқын көрсететінін атап өткен жөн.

 
Елдегі суды кең көлемде тұтынуда судың салыстырмалы "арзандығы" маңызды рөл атқарады. СЖжРА ҰСб деректеріне сәйкес 2023 жылғы желтоқсанда  Қазақстандағы судың құны 1 м3 үшін 0,15 АҚШ долларын (68,19 теңге) құрады. 

Салыстыру үшін, судың ең қымбат бағасы Норвегияда 1 м3 үшін 5,51 еуро (5,97 АҚШ доллары), Германияда - 4,67 еуро (5,06 АҚШ доллары), Данияда - 4,37 еуро (4,74 АҚШ доллары), Швецияда - 3,60 еуро (3,9 АҚШ доллары) . Яғни Еуропа елдеріндегі су бағасы Қазақстандағы бағадан бірнеше есе жоғары, бұл ретте суды тұтыну деңгейі ҚР-ға қарағанда бірнеше есе төмен (Норвегия – 496,4 м3/жан басына шаққанда, Германия – 339,9 м3/жан басына шаққанда, Дания – 168,6 м3/жан басына шаққанда).
 
Экология және табиғи ресурстар министрлігінің болжамдарына сәйкес, егер су ресурстарын пайдаланудың тиімділігі жоғарыламаса, онда 2040 жылға қарай елде су тапшылығы қатты сезілетін болады. 

Бүгінгі таңда салада келесі сын-қатерлер бар: суармалы су тапшылығы, оңтүстік және батыс өңірлердің көрші елдердің су саясатына жоғары тәуелділігі, суды пайдаланудың төмен тиімділігі, климаттық факторлар, су ресурстарын басқару саясатын әлсіз ғылыми сүйемелдеу, су шаруашылығы инфрақұрылымы объектілерін дамытудың төмен деңгейі. 

Осылайша, елімізде суды пайдалану тиімділігі мәселесі шұғыл болып табылады. Экономиканың барлық дерлік салалары суды тұтыну деңгейі мен сапасына байланысты, ал оның тапшылығы елдің экономикалық дамуын бәсеңдетіп, адамдар мен қоршаған ортаның әл-ауқатына қауіп төндіруі мүмкін.

Дана Омарова
 аға сарапшы




Барлық мақалалар

Қарау саны: 0
Сақталған: 21.12.2024





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!