Институционалдық ортаның сапасы және адам дамуының әлеуеті

04.03.2024

Қазіргі жағдайда экономикалық дамудың анықтаушы факторы адами капитал болып табылады, оның ЭЫДҰ елдерінің ұлттық байлығы құрылымындағы үлесі шамамен 70% құрайды.

Адами капиталдың дамуын бағалау көрсеткіштерінің бірі - елдің денсаулық жағдайы, білім алуы және азаматтарының нақты кірісі тұрғысынан жетістіктерін өлшейтін Адам даму индексі. Адами капиталды дамыту барлық басқа салалардың дамуына едәуір мультипликативті әсер етеді.
  
Сонымен қатар, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі құқықтың әртүрлі салалары (конституциялық, азаматтық, қаржылық және т.б.) жүзеге асыратын экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу болып табылады. Заңның үстемдігін қамтамасыз ету экономикалық процестердің, соның ішінде адами капиталды дамытудың оңтайлы тепе-теңдігіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Құқықтық орта сапасы мен адами капиталды дамытудың өзара байланысын Заң үстемдігі индексі (бұдан әрі – ЗҮИ) мен Адам даму индексі (бұдан әрі – АДИ) арасындағы корреляция негізінде байқауға болады.

Құқықтық орта деңгейіне сүйене отырып, адам дамуының тиісті әлеуеті туралы айтуға болады. 

АДИ сәйкес 3 топқа бөлінген және заңның үстемдік деңгейімен салыстырылған елдер топтарына салыстырмалы талдау жүргізілді:
  • АДИ деңгейі өте жоғары елдер тобы (0,8-ден астам)
  • АДИ деңгейі жоғары елдер тобы (0,7-ден 0,8-ге дейін)
  • АДИ деңгейі орташа елдер тобы (0,55-тен 0,7-ге дейін)

Ескертпе: АДИ мәндері 0-ден (минимум) 1-ге (максимум) дейінгі шкала бойынша беріледі, ЗҮИ мәндері 0-ден (минимум) 1-ге (максимум) дейінгі шкала бойынша беріледі.


Адам дамуының өте жоғары деңгейімен елдердің бірінші тобына ЗҮИ ең жоғары деңгейі сәйкес келеді – орта есеппен 0,78 балл (АДИ орташа мәні 0,931). Сонымен қатар, бұл елдерде өмір сүру ұзақтығы жоғары – орташа есеппен 82,3 жыл. Бұл топты негізінен экономикасы дамыған және даму қарқыны жоғары елдер ұсынады (топ-30 ел) – осы елдер тобының жан басына шаққандағы орташа жалпы ұлттық табыс (ЖҰТ) шамамен 57 мың АҚШ долларын құрайды. Сондай-ақ, бұл елдерде күтілетін оқу ұзақтығының деңгейі едәуір жоғары - 17,3 жыл, бұл жалпы білім беру жүйесінің дамуын көрсетеді.
 
Қазақстан да осы елдер тобына кіретінін, 0,811 индексінің мәнімен 56-орында тұрғанын атап өткен жөн. Бұл ретте, барлық көрсеткіштер бойынша орташа әлемдік мәндерден артта қалып отыр: өмір сүру ұзақтығы - 69,4 жыл, ЖҰТ - 23,9 мың АҚШ доллары, оқытудың күтілетін ұзақтығы – 15,8 жыл. Нәтижесінде, ЗҮИ деңгейінің көрсеткіші бойынша (0,52 балл) Қазақстан АДИ деңгейі жоғары елдер тобына (0,51 балл) көбірек сәйкес келеді.

Екінші топты адам дамуының жоғары деңгейімен елдер құрды (АДИ орташа мәні 0,763), онда ЗҮИ деңгейі едәуір төмен болды – орташа есеппен 0,51 балл. Бұл ретте, елдердің осы тобында күтілетін орташа өмір сүру ұзақтығы да төмен - 73,1 жыл. Жан басына шаққандағы ЖҰТ бойынша едәуір алшақтық байқалды – орта есеппен 14,5 мың АҚШ доллары (бірінші топпен салыстырғанда іс жүзінде 4 есе төмен) және оқытудың күтілетін ұзақтығы бойынша – 14,6 жыл.
 
Адам дамуының орташа деңгейімен елдердің үшінші тобын (АДИ орташа мәні 0,625) экономикасы дамушы және көбінесе Африка аймағына жататын елдер ұсынады. ЗҮИ бұл елдерде де төмен - орташа есеппен 0,44 балл, ал өмір сүру ұзақтығы едәуір төмен – орташа есеппен 68 жыл. Бұл ретте, ЖҰТ және оқу ұзақтығы бойынша алшақтық онша маңызды емес - сәйкесінше 6,7 мың АҚШ доллары (екінші топпен салыстырғанда 2,2 есе төмен) және 12,1 жыл. 

8 жыл ішінде динамикада АДИ мен ЗҮИ корреляциясы сақталғанын атап өткен жөн.


Жүргізілген талдауға сүйене отырып, құқықтық ортасы төмен елдердің адам дамуының тиісті әлеуеті бар деген қорытынды жасауға болады. Институционалдық ортаның жоғары сапасы инвестицияларды тарту, білім беру сапасын жақсарту, экономикалық реформаларды ынталандыру, қоғамдық игіліктер беру, сондай-ақ әлеуметтік толқуларды азайту арқылы әл-ауқатқа оң әсер етеді. Институционалдық ортада институттардың әртүрлі топтары дербес түрде өмір сүре алмайды, сондықтан жекелеген құрамдауыштардағы сапалық өзгерістер бүкіл жүйенің жұмысына әсер етеді.

Институттардың сапасы мен экономикалық даму (адамның әл-ауқаты) арасындағы байланыс табиғи ресурстарға бай елдердің мысалында айқын көрінеді. Мұндай елдер көбінесе "шикізат қарғысы" деп аталатын институционалдық тұзаққа түседі, мұнда жоғары шикізат кірісі институционалдық ортаның сапасын жақсартуға ынталандыруды азайтады.

Осылайша, бұл институттардың сапасы экономикалық дамуға әсер етеді, керісінше емес, деп айтуға болады. 

Темирлан Отепов
 сарапшы




Барлық мақалалар

Қарау саны: 0
Сақталған: 21.12.2024





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!