Шет елдердің тіл саясаты

05.03.2024

Қазақстанда тіл саясатын жетілдіру мен әртараптандыру өте жақсы дамып келеді. 

Бүгінгі таңда қазақ тілінде таратылатын бағдарламалардың көлемі 50%-тен асады және оны пайдалануды қолдау елдегі мәдени және тілдік әртүрлілікті сақтау мен дамыту үшін маңызды болып табылады.


Халықаралық тәжірибеде мемлекеттік тілде теле және радиобағдарламаларды тарату көлемі бойынша әртүрлі талаптар бар.
 
Францияда 1994 жылғы 4 тамыздағы Тубон Заңына сәйкес эфирде көрсетілген музыкалық шығармалар заңмен анықталған квота ережелеріне бағынады, оған сәйкес отандық радиостанциялар тарататын он әннің кем дегенде төртеуі француз тілінде болуы керек.

Сонымен бірге, Тубон Заңы кітаптарға, фильмдерге, көпшілік алдында сөйлеуге және коммерциялық емес коммуникацияның басқа түрлеріне қатысы жоқ. Алайда, заң музыкалық шығармалар мен түпнұсқа нұсқаларын қоспағанда, барлық аудиовизуалды бағдарламаларда француз тілін қолдануды талап етеді. 

Польшаның 1992 жылғы 29 желтоқсандағы «Хабар тарату туралы» Заңына сәйкес жаңалықтар, жарнама, теледидар саудасы, спорттық іс-шаралар, телемәтін қызметтері мен ойындарды қоспағанда, телевизиялық хабар таратушылар тоқсан сайынғы эфир уақытының кем дегенде 33%-ы поляк тілінде жасалған бағдарламалар үшін сақтауы керек.

Албанияның «Телерадио хабарларын тарату туралы» Заңына сәйкес шетелдік орындаушылардың әндерін, шет тіліндегі теледидар сабақтарын, ұлттық азшылықтарға арналған бағдарламаларды қоспағанда, барлық бағдарламалар албан тілінде жүргізілуі керек. Қоғамдық және жеке компаниялар өз қызметінде халықтың тіл мәдениетін қолдауы және әдеби албан тілінің нормаларын сақтауы керек.

Өзбекстан Республикасы «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 5-бабына (бұқаралық ақпарат құралдарының тілі) сәйкес Өзбекстан Республикасындағы бұқаралық ақпарат құралдары өз қызметін «Мемлекеттік тіл туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырады.

Өзбекстан Республикасының «Өзбекстан Республикасының мемлекеттік тілі туралы» Заңының 16-бабына сәйкес теледидар мен радио мемлекеттік тілде, сондай-ақ басқа да тілдерде жүргізіледі. Мемлекеттік тілде теле-, радиобағдарламаларды тарату көлемі бойынша талаптар белгіленбеген.

Осылайша, әр елде мемлекеттік тілде хабар таратуды жүзеге асыру бойынша тіл саясатының әртүрлі тетіктері жұмыс істейді.

Айдана Байканова
 аға сарапшы
 


Барлық мақалалар

Қарау саны: 0
Сақталған: 21.12.2024





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!