21.03.2024
Қазіргі кезде қашықтықтан жұмыс істеу бүкіл әлемде кең таралуда.
Осылайша, Boston Consulting Group сарапшылары жүргізген зерттеуге сәйкес толығымен қашықтан жұмыс істейтін компаниялар қызметкерлердің кеңседе болуын талап ететін бәсекелестерге қарағанда кіріс деңгейін төрт есе жылдам арттырады.
Бұл оның жұмыскерлер үшін де, жұмыс берушілер үшін де беретін бірқатар артықшылықтарына байланысты. Жұмыскерлер үшін қашықтан жұмыс істеу жұмыс күнін жоспарлауда үлкен икемділікті, үйден немесе кез келген басқа ыңғайлы жерден жұмыс істеу мүмкіндігін және жұмыс пен жеке өмірді анағұрлым жақсы үйлестіру мүмкіндігін білдіреді.
Жұмыс берушілер үшін қашықтан жұмыс істеу кеңсені жалға алуға, коммуналдық төлемдерге және басқа шығындарға жұмсалатын қаражатты үнемдеуге, сондай-ақ әртүрлі аймақтардан дарынды жұмыскерлерді тартуға мүмкіндік береді.
Австралия, Малайзия және Сингапур сияқты елдер қашықтан атқарылатын жұмыс күндері бойынша көшбасшы. Сингапур, атап айтқанда, аптасына орта есеппен 2,8 күндік қашықтан жұмыс істеуімен әлем бойынша ерекше көзге түседі.
Қазақстанда қашықтан жұмыспен қамту жағдайы қандай?
Бір қызығы, қашықтан жұмыс сонау 2012 жылы ҚР Еңбек кодексінде қарастырылған болатын. Алайда, COVID-19 пандемиясына дейін бұл жұмыс әдісі кеңінен қолданылмады.
Қазіргі уақытта қашықтықтан жұмыс істеу Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 138-бабымен реттеледі, оған сәйкес қашықтықтан жұмыс істеу - жұмыс беруші орналасқан жерден тыс жерде еңбек қызметі процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып еңбек процесін жүзеге асырудың ерекше нысаны.
Қазақстанда 2023 жылдың 4 тоқсанының қорытындысы бойынша жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санынан қашықтықтан жұмыспен қамтылғандар саны небәрі 0,4%-ті құрады.
2023 жылғы 4 тоқсандағы жұмыс күшінің саны - 9,0 млн. адам екенін атап өткен маңызды. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстыратын болсақ, жұмыс күшінің 76,8 мың адамға немесе 0,8%-ке өскенін, ал жұмыспен қамтылған халық саны бір жылда 70,8 мың адамға өскенін атап өтуге болады. Тоқсандық және жылдық динамикада жұмыспен қамтудың негізгі өсімі негізінен жалдамалы жұмыскерлер санының артқанына байланысты болды. Бұл ретт, бір тоқсан ішінде олардың саны 9,8 мың адамға (-0,1%) қысқарды және 6 906,3 мың адамды құрады.
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны, керісінше, 53,9 мың адамға (-2,5%) азайып, 2 135,9 мың адамды құрады. Жылдық динамикада жалдамалы жұмыскерлер санының абсолютті өсімі өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың өсімінен 13,7 есе асып түсті – сәйкесінше 45,4 мың адам және 1,3 мың адам.
2023 жылғы 4 тоқсанның қорытындысы бойынша салалар бөлінісінде жұмыскерлердің басым бөлігі көтерме және бөлшек саудада (16,7%), білім беруде (13,1%), өнеркәсіпте (12,3%), ауыл шаруашылығында (11,5%) жұмыс істейді.
Осы кезеңмен салыстырғанда, жұмыспен қамтылғандар санының барынша артуы кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте (+17,3%), ақпарат пен байланыста (+7,4%), өнерде, ойын-сауықта және демалыста (+5,9%), қаржылық және сақтандыру қызметінде (+5,3%) байқалады. Осыған ұқсас кезеңде жұмыспен қамтудан кету жылжымайтын мүлікпен операциялар (-12,5%), құрылыс (-4,1%), ауыл шаруашылығы (-3,4%) саласында байқалды.
Сонымен қатар, қашықтан жұмыс істейтін жұмыспен қамтылғандар санының арту үрдісі тұрақты емес.
2023 жылғы 4 тоқсанда олардың саны 39,4 мың адамды құрады және өткен тоқсанмен салыстырғанда 15,5%-ке өсті (2022 жылғы 4-тоқсан - 34,1 мың адам).
Бұл ретте, 2023 жылдың алғашқы үш тоқсанында қашықтан жұмыс істейтіндер санының тұрақты өсімі байқалды. Алайда, 2023 жылдың төртінші тоқсанында қашықтықтан жұмыспен қамтылғандар саны азайды.
"Қашықтағы" жұмыскерлердің ең көп саны Абай облысы (26,6%), Алматы қаласы (25,2%), Алматы облысы (10,6%) болып табылады.
Сонымен қатар, ҚР Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, қашықтан жұмыс істейтін қызметкерлердің көпшілігі меншік коммуникация (байланыс) құралдарын пайдаланады.
Дегенмен, қашықтан жұмыс істеу Қазақстандағы еңбек нарығында сенімді түрде орнықты және көптеген жұмыс берушілер мен жұмыскерлер оның артықшылықтарын жоғары бағалайды. COVID-19 пандемиясынан кейін де көптеген компаниялар қашықтан жұмыс істеуді ішінара болса да жалғастырып келеді.
Динара Мукушева
жетекші сарапшы
Барлық мақалалар