Қазақстанның ішкі нарығындағы тауық жұмыртқасының жағдайы

29.03.2024

Мемлекет тұтынудың физиологиялық нормаларын және демографиялық өсуді қанағаттандыру үшін жеткілікті сапалы және қауіпсіз азық-түлік тауарларының халыққа физикалық және экономикалық қолжетімділігін қамтамасыз етуге қабілетті экономиканың, оның ішінде агроөнеркәсіптік кешеннің қорғалу жай-күйін көздейтін азық-түлік қауіпсіздігі мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігінің негізгі элементтерінің бірі болып табылады.

Елдің азық-түлік қауіпсіздігінің деңгейі арнайы индикаторлар жүйесімен айқындалады. Іс жүзінде барлық позициялар бойынша ҚР-дағы азық-түлікпен қамтамасыз ету индикаторлары 80%-тен жоғары. Бірақ жағдай онша жақсы емес позициялар да бар. 

Ағымдағы жағдай
2022 жылы Қазақстанда тауық жұмыртқасы өндірісінің көлемі 2021 жылмен салыстырғанда 4,4%-ке ұлғайып, 5027 млн дананы құрады, ал бір жұмыртқа салатын тауыққа жұмыртқаның орташа өнімділігі 23,7%-ке ұлғайды.

2022 жылы жұмыртқа өндірісінің ең көп өсуі Алматы (+44%) және Солтүстік Қазақстан облысында (+28%) байқалады, бұл ретте, Атырау облысында жұмыртқа өндіру көлемі шамамен 2 есе төмендеді.


Өндіріс көлемінің ұлғаюы жұмыртқаны тұтынуға оң әсер етті, 2021 жылы қазақстандықтар жылына 194 жұмыртқа тұтынса, 2022 жылы 195 дана болды. Бұл ретте, 2022 жылы жұмыртқадан басқа барлық негізгі азық-түлік топтары бойынша тұтыну азайғанын атап өткен жөн.

Қызықты факт: ең өнімді жұмыртқа салатын тауықтар Шымкент қаласында (299 жұмыртқа), ал ең аз өнімді (63-67 жұмыртқа) республикалық маңызы бар басқа қалаларда тіркелген.


Өңірлердің ішінде 2022 жылы 737 млн данадан астам жұмыртқа өндірген Ақмола облысының тұрғындары ең көп жұмыртқа өндіреді және тұтынады, ал оның әрбір тұрғыны жылына орта есеппен 254 дана жұмыртқа тұтынады екен. Маңғыстау облысының тұрғындары ең аз жұмыртқа өндіреді және тұтынады, онда 754 мың дана жұмыртқа өндірілді, әр тұрғын жылына орта есеппен 129 данадан сәл астам жұмыртқа тұтынады.

Қазақстанда жұмыртқаны тұтынудың қалалар мен ауылдардың тұрғындары арасында қатты айырмашылық бар екенін атап өткен жөн, сондықтан қала тұрғындары ауыл тұрғындарына қарағанда жұмыртқаны 20%-ке көп тұтынады, бұл ауыл тұрғындары үшін ақуыз көзінің қолжетімсіздігін жанама түрде растайды.

Ресейге жұмыртқаны экспорттау мүмкіндігі туралы жағдай
Мәлім болғандай, 2024 жылғы 17 қаңтарда екіжақты сауданың өзекті мәселелерін талқылау барысында Ресей тарапы қазақстандыққа Ресейдің сауда желілеріне тауық жұмыртқаларын жеткізуді ұлғайту туралы өтінішпен жүгінді. 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне қысқа мерзімде Ресейдің шекаралас аймақтарына өнім жеткізуді ұлғайту мүмкіндігін қарастыру тапсырылды. 
ҚР Ұлттық статистика бюросы бойынша 2022 жылы Қазақстанда отандық өндіріс есебінен жұмыртқамен қамтамасыз ету деңгейі ел қажеттілігінің 102%-ін құрады. 

Алайда, өткен жылдардағы осы тауарлармен қамтамасыз ету деңгейінің динамикасына назар аударсақ, келесілерді көруге болады:
  • 2017 ж. тұтыну - 4 807,5 млн. дана, өндіру - 5 085,2 млн. дана (105,8%);
  • 2018 ж. тұтыну - 4 457,2 млн. дана, өндіру – 5 574,6 млн. дана (125,1%);
  • 2019 ж. тұтыну - 5 223 млн. дана, өндіру - 5 513,4 млн. дана (105,6%);
  • 2020 ж. тұтыну - 5 083,0 млн. дана, өндіру - 5 047,8 млн. дана (99,3%);
  • 2021 ж. тұтыну - 4 880,8 млн. дана, өндіру - 4 819,8 млн. дана (98,7%).

Жұмыртқамен қамтамасыз етуді талдауға сүйене отырып, Қазақстан елді әлеуметтік маңызы бар тауармен 100% қамтамасыз етудің тұрақты динамикасы туралы айта алмайды деген қорытынды жасауға болады. 

Анықтама үшін: 2023 жылдың 11 айында Қазақстан Ресейге, Ауғанстанға және Қырғызстанға 186,6 млн. жуық тауық жұмыртқасын экспорттады. 

Мәлім болғандай, 2023 жылдан бастап жұмыртқа өндірісін бұдан былай мемлекет субсидияламайды, сондай-ақ ел әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне (ӘМАӨ) бағаны тікелей реттеуден бас тарту жолымен жүріп жатыр.

Бұл жағдайлар ірі жұмыртқа өндірушілерді өнімдердің үлкен көлемін шетелге жіберуге ынталандыруы мүмкін, өйткені шетелдегі бағалар қазақстандықтардан едәуір жоғары. Мысалы, Ресейдегі тауық жұмыртқасының бағасы Қазақстанға қарағанда 50% жоғары.


Шет елдерге жұмыртқалардың үлкен көлемін жеткізу (ішкі нарықты 100% қамтамасыз ету болмаған жағдайда) жұмыртқа тапшылығын және тиісінше бағаның өсуін және Қазақстанда ілеспе инфляцияны тудыруы мүмкін.

Даулет Жамбайбеков
 жетекші сарапшысы



Барлық мақалалар

Қарау саны: 0
Сақталған: 30.10.2024





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!