Салық дауларының сотқа дейінгі апелляциясының нәтижелері

02.04.2024

Қазақстанда 2017 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде салық төлеушілерге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жанындағы Апелляциялық комиссияға салықтық тексерулердің нәтижелеріне шағым беру құқығын беру арқылы салық дауларын сотқа дейінгі қараудың жаңа институты енгізілді. 

Бұл құқық тараптар арасындағы жанжалды жағдайларды сотқа дейін қарау деңгейін арттыру мақсатында берілген. Апелляциялық комиссияға шағымдану салық төлеушілер сотқа жүгінер алдында міндетті рәсім болып табылмайды.

Салықтық тексерулердің нәтижелеріне сотқа дейінгі шағымдану тәртібі (шағым беру тәртібі, шағымның нысанын, мерзімдері мен мазмұнына қойылатын талаптар), сондай-ақ Апелляциялық комиссияның осы шағымдарды қарау тәртібі Салық кодексінің 21-тарауымен регламенттелген.
 
Апелляциялық комиссия туралы ереже және оның құрамы «Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымдарды қарау жөніндегі Апелляциялық комиссияның құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 22 және «Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарды қарау жөніндегі Апелляциялық комиссия туралы ережені бекіту туралы» №23 бұйрықтарымен бекітілген.
 
Салық дауларын сотқа дейінгі қарау институтының 5 жыл ішінде Апелляциялық комиссия 1 169 млрд. теңгеге салықтық тексерулердің нәтижелеріне шағымданған салық төлеушілердің шамамен 1 807 шағымын қарауға қабылдады.
 
Талданып отырған кезеңде Апелляциялық комиссия 1 282 шағымды (1 807 шағымның 71%) қарады, онда 754 млрд.теңгеге салықтық тексерулердің нәтижелері шағымданды (шағымданып отырған 1 169 млрд. теңгенің 64,5%), қарау қорытындысы бойынша келесі шешімдер қабылданды.


Салық дауларының сотқа дейінгі апелляция нәтижелеріне жүргізілген талдау Апелляциялық комиссияның салық төлеушілердің шағымдарының санын қанағаттандыруының ең жоғары пайызы 41% 2022 жылы байқалғанын (164 шағымның ішінен), 2021 жылы ең төмен пайызы 24% (354 шағымның ішінен) құрағанын көрсетті.

Апелляциялық комиссияның салықтар мен төлемдерді қосымша есептеудің шағымданатын сомаларын жоюының ең үлкен үлесі 2019 жылға тиесілі және 26,6% (шағымданатыннан 147 млрд. теңгеден), ең аз үлесі 2020 жылға 10% (шағымданатыннан 122 млрд. теңгеден) құрады.

Жалпы талданып отырған кезеңде Апелляциялық комиссияның салық төлеушілердің салықтық тексерулердің нәтижелеріне шағымдарының санын қанағаттандыру пайызы орта есеппен 30,7% құрады (1 282 шағымның ішінен), яғни Апелляциялық комиссия салық төлеушілердің пайдасына шешімдер қабылдады. Бұл ретте салықтар мен төлемдерді қосымша есептеудің шағымданатын сомаларының күшін жою үлесі шамалы – 26,5% құрады  (шағымданатыннан 754 млрд.теңгеден).  

Эльмира Осипова
 Фискалдық саясат орталығы директорының орынбасары



Барлық мақалалар

Қарау саны: 0
Сақталған: 30.10.2024





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!