Қазақстанның мұнайы қанша жылға жетеді?

12.04.2024

Мәлім болғандай, Қазақстан экономикасының 30 жыл бойы дамуы (оның ішінде мемлекеттік бюджет толықтырыла отырып) едәуір дәрежеде қара алтын (шикі мұнай) өндіру және өткізу есебінен қамтамасыз етілді.

Еліміз шикізатқа тәуелділді болмауға қанша тырысса да, ол бүгінгі күнге дейін әлі де сақталып келеді.
ҚР Ұлттық экономика министрлігінің ақпараты бойынша, шикізатқа деген тәуелділіктен біртіндеп кету жоғары қайта бөлу салаларын дамыту есебінен қамтамасыз етілетін болады.

Ағымдағы жылы жалпы құны 4,6 трлн теңгені құрайтын 400-ден астам жобаны іске қосу жоспарланған. Кемінде 10 жоба экономиканың басым салаларында жоғары қайта бөлу кластерлерін құруға бағытталған.
 
Осы жобаларды іске асыру шеңберінде металдарды терең өңдеу, ауыр машина жасау, мұнай химиясы мен уран өнеркәсібін дамыту көзделеді.
Бұған дейін елді индустрияландыру әрекеттері 15 жыл бұрын 5 жылдық индикатормен енгізілгенін атап өткен жөн (Индустрияландыру картасы 2010-2014, 2015-2019 жобалары шеңберінде).

Сонымен қатар, шикізат тәуелділігінен шығуға нақты қол жеткізгенге дейін шикі мұнайды өндіру мен сатудың ел экономикасына ағымдағы үлесін (салық түсімдерінің жалпы сомасын айқындай отырып және олардың мөлшерлемелерін нақтылай отырып), сондай-ақ осы табиғи ресурсты пайдаланудың шекті мерзімін қарастырып бағалаймыз.

Мемлекет 8 салық түсімін бөлу арқылы мұнайдан пайда алады, оның 7-і Ұлттық қорға, ал 1-і ғана республикалық бюджетке түседі.


Көбісі осы салықтар қандай мөлшерлемелер бойынша төленеді деген сұраққа қызығушылық танытуы мүмкін. Олардың арасында мұнай секторын ұйымдастырудан жасалған келісімшарттар бойынша өнімді бөлу бойынша ҚР үлесін ашатын ақпарат ашық қолжетімділікте жоқ.
Корпоративтік табыс салығы салық салынатын табыстың 20% құрайды (Салық кодексінде көзделген шегерімдерді ескере отырып).
 
Басқа түсімдер бойынша сараланған тиянақталған сомаларды да, пайыздық арақатынастарды да қолдана отырып, салық мқлшерлемелерін анықтауда айырмашылық байқалады.

    

10 жыл ішінде (2013-2022) осы салық түсімдерінің жалпы сомасы 36,9 трлн теңгені құрады, онда көлемдер бойынша негізгі түсімдер болып табылады. Осы түсімдердің орташа жылдық сомасы 3,6 трлн теңгені құрайды.
  
ҚР Энергетика министрлігінің ақпараты бойынша қазіргі мұнай қоры 4,4 миллиард тоннаны құрайды, Теңіз және Қашаған кен орындарында өндірістерді кеңейту жөніндегі жобаларды іске асыру кезінде жылдық мұнай өндіру 100 миллион тоннаға жетеді. Қазақстанда шикі мұнай өндіру көлемі 1990 жылғы 25 млн тоннадан 2021 жылғы 85 млн тоннаға дейін артып келе жатқанын атап өткен жөн.

Шикі мұнай өндірудің ағымдағы қарқынын ескере отырып (жылына 100 млн тоннаға дейін жеткізу жоспарымен) мұнай жастығының ұзақтығы тағы 44 жылды құрауы мүмкін.


Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, келесі көрсеткіштер бойынша уақытты тиімді пайдалану қажеттілігі туындайды:
  • экономиканы әртараптандыру (болашақта жыл сайынғы мемлекеттік түсім кемінде 3,6 трлн теңге көлемінде толықтырумен);
  • нормативтік қорды дайындау (жер қойнауын пайдаланушылардың кен орындарын игеруді аяқтау жөніндегі өз міндеттемелерін орындауы бөлігінде).   

Даулет Жамбайбеков
 ӨЗО жетекші сарапшысы




Барлық мақалалар

Қарау саны: 0
Сақталған: 30.12.2024





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!