Құмар ойындарды жарнамалаудағы айыппұлдар

23.04.2024

Мемлекеттік органдардың деректері бойынша Қазақстанда қазірдің өзінде-ақ 350 мыңға жуық қазақстандық азамат ойынқұмар болып табылады және бір қазақстандық ойынқұмарға шаққандағы қарыздың орташа мөлшері 10 миллион теңге шегінде есептеледі немесе жалпы алғанда 3 млрд теңгеден асады. 

Құмар ойындарға қарсы күрес үкіметтер мен қоғам үшін маңызды міндетке айналуда. Құмаройындар индустриясын реттеу, алаяқтықтың алдын алу және тұтынушылардың мүдделерін қорғау үшін қатаң ережелер мен қағидаларды енгізу қажет. Лудоманияға қарсы күрес бойынша әлемдік тәжірибе шаралардың бірі ретінде құмар ойындарды заңсыз жарнамалау үшін айыппұлдар мен бас бостандығынан айыруды қолданады.


Сингапур. 
«Құмар ойындарды бақылау туралы» Заңға (бұдан әрі - Заң) сәйкес адам заңсыз құмар ойындарды жарнамаласа, құқық бұзушылық жасайды және 20 000 АҚШ долларынан аспайтын мөлшерде айыппұл салумен жауапқа тартылады.

Ұлыбритания. 
Құмар ойындарды жарнамалау туралы ережелер Ұлыбританияның «Құмар ойындар туралы» Заңында қамтылған, оған сәйкес Мемлекеттік хатшы құмар ойындардың жарнамасын реттейтін ережелер шығара алады. Өз кезегінде, осындай нормативтік актілердің талаптары бұзылған кезде, адам құқық бұзушылық жасайды және оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен сотталған жағдайда, жауапқа тартылады:
  • 51 аптаға дейін бас бостандығынан айыру;
  • 2500 фунт стерлингке дейін айыппұл; немесе
  • екеуі де, және т.б.

Қытайда «Жарнама туралы» Заңға (бұдан әрі - Заң) сәйкес кәмелетке толмағандарға бағдарланған бұқаралық ақпарат құралдарында кәмелетке толмағандардың физикалық және психикалық денсаулығына зиян келтіретін онлайн ойындардың жарнамасын орналастыруға жол берілмейді. 
Бұл шарт бұзылған жағдайда, Нарықты реттеу департаменті жарнаманы жариялауды тоқтата тұру туралы бұйрық шығарады, жарнама берушілерге 200 000-1 000 000 юань (27 000–137 000 АҚШ долл) айыппұл салады, ауыр жағдайларда олардың коммерциялық лицензиясының күшін жоя алады, жарнаманы тексеру органдарынан жарнаманы тексеруге рұқсат беретін құжаттарды қайтарып алуды және оларды қарауға қабылдамауды талап ете алады. 

Канада. 
Канаданың Қылмыстық Кодексіне сәйкес жарнамалайтын, басып шығаратын, жариялайтын, көрсететін, сайтта орналастыратын немесе ставка жасауға, конкурстың нәтижесін болжауға немесе болжамдауға кез келген ұсыныс немесе шақыру туралы басқа жолмен хабарлайтын адам - қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтыратын қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылады және жауапқа тартылады:
  • бірінші қылмыс үшін - екі жылдан аспайтын мерзімге бас бостандығынан айыру;
  • қайта қылмыс жасағаны үшін - екі жылдан аспайтын және он төрт күннен кем емес мерзімге бас бостандығынан айыру; 
  • әрбір кейінгі қылмыс үшін - екі жылдан аспайтын және үш айдан кем емес мерзімге бас бостандығынан айыру.

Осылайша, құмар ойындарды жарнамалауға тыйым салуды енгізу және осы тыйымды бұзғаны үшін айыппұлдарды енгізу құмар ойындар индустриясының жағымсыз салдарымен күресудегі маңызды қадамдар болып табылады.

Алёна Шевцова,
 сарапшы




Барлық мақалалар

Қарау саны: 0
Сақталған: 21.12.2024





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!