«Қазақстандағы қойма үй-жайлары бойынша жағдай»

11.05.2024

Көлік байланыстарын дамыту және жақсарту және тұтастай алғанда логистиканы дамыту – мемлекеттің негізгі басымдықтарының бірі болып табылады. 

Қазіргі уақытта трансконтиненталдық бағыттарға жаңа транзиттік жүк ағындарын тарту мақсатында Қазақстанның жаһандық логистикалық тізбектерге белсенді интеграциясы, басқа елдердің темір жолдарымен үйлестіру жұмыстары жүргізілуде, бұны соңғы 6 жылда жылына 16,0 млн тоннадан 23,2 млн тоннаға дейін 1,5 есе өскен жүктерді транзиттік тасымалдаудың өсу серпінінен байқауға болады. 

Негізгі өсім "ҚХР – ЕО – ҚХР" бағытындағы транзиттің, сондай-ақ "ҚХР – ОА – ҚХР", "Ресей – ОА – Россия" және Транскаспий халықаралық көлік бағытының (ТХКБ) ұлғаюына байланысты. Жалпы тасымалдау көлемінің 94%-дан астамын құрайтын ішкі және экспорттық-импорттық тасымалдардың маңызы кем емес.

«Көлік және қоймалау» экономиканың ең жылдам дамып келе жатқан саласы болып табылады, өткен жылмен салыстырғанда, 2023 жылы оның өсуі 7,1% құрады . ЖІӨ-ге жалпы қосылған құнның саланың үлес салмағы 5,3% құрайды.

Соңғы жылдары экономикада "Көлік және қоймалау" және "Көтерме және бөлшек сауда" сияқты салалардың оң өсу серпіні байқалады. Осылайша, көтерме сауда көлемі 2023 жылы 41,8 трлн теңгені немесе 2022 жылдың тиісті кезеңінің деңгейіне 112,8% құрады. Бұл ретте, республиканың көтерме саудасының жалпы көлеміндегі ең үлкен үлес салмағы 2023 жылы Алматы қаласына (37,9%), Астана қаласына (16,9%), Атырау облысына (14,8%), Қарағанды облысына (5,4%) тиесілі.

2023 жылы бөлшек сауда көлемі 19,2 трлн теңгені немесе 2022 жылдың тиісті кезеңінің деңгейіне 107,7% құрады. Республиканың бөлшек саудасының жалпы көлеміндегі ең үлкен үлес салмағы 2023 жылы Алматы қаласына (32,5%), Астана қаласына (13,1%), Қарағанды (7,9%) және Шығыс Қазақстан (6,1%) облыстарына тиесілі.

Онлайн-ритейлді дамыту – мемлекеттік саясаттың басымдықтарының бірі, осылайша 2022 жылы бөлшек электрондық коммерция нарығының көлемі (ішкі нарық) маркетплейстерді ескере отырып, 2,0 трлн теңгені құрады, оның ішінде маркетплейстер арқылы бөлшек сауда айналымы – 1,1 трлн теңгені (56,9%), тауарларды өзінің Интернет-ресурсы арқылы өткізуді жүзеге асыратын бөлшек сауда кәсіпорындары – 845,6 млн теңгені (43,1%) құрады.


Қойма үй-жайлары нарығындағы жағдай туралы

NF Group консалтингтік компаниясының "Орталық Азия, Күнгей Кавказ, Беларусь Республикасы елдерінің сапалы қоймалық жылжымайтын мүлік нарығы" талдамалық есебінің деректеріне сәйкес ,  қазіргі уақытта Қазақстандағы қойма үй-жайларының сапалы ұсынысының көлемі 1,3 млн. шаршы метрді құрайды, оның ішінде Алматы қаласына 73%, Астана қаласына 21% және Шымкент қаласына 6% тиесілі.

Орталық Азия өңірінде қоймалық жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз ету бойынша Қазақстан бірінші орынды алады (Өзбекстан - 221 мың шаршы метр; Қырғызстан - 46 мың шаршы метр; Тәжікстан - 10 мың шаршы метр).

Алайда, Қазақстанда жалға алудың коммерциялық жағдайларына теріс әсер ететін еркін қоймалардың болмауы мәселесі байқалады. Осылайша, жалға алу мөлшерлемелері меншік иесінің портфолиосына, объектінің географиялық орналасуына, сондай-ақ әлеуетті жалға алушының бейіні мен сенімділігіне байланысты өзгереді. Қолданыстағы "А-класс" алаңдарына (халықаралық стандарттарға сәйкес) сұратылған жалдау мөлшерлемелерінің ауқымы айына бір шаршы метр үшін 4000-4500 теңгені құрайды.

«Krisha.kz» Интернет-ресурсын талдау  көрсеткендей, елде 300-ден астам қойма үй-жайлары бар, онда 1000 шаршы метрден астам бос алаңы бар, оның ішінде тек Алматы қаласының өзінде 64 нысан орналасқан. Мысалы, Алматы қаласында Орталық Азиядағы ең ірі "А-класты" мұздатқыш қоймалармен бірегей логистикалық операторлар бар, олардың қызметтері барлық ниет білдірушілер үшін қолжетімді.

Мәлім болғандай, Қазақстанның сыртқы саудасы өңірлер бойынша гетерогенді болып табылады. Осылайша, негізгі экспорттаушы өңір Атырау облысы (экспорттың 34%), ал ірі импорттаушы өңір Алматы қаласы болып табылады (импорттың 40%), қалған өңірлердің үлесі салыстырмалы түрде біркелкі бөлінген және 10%-дан аспайды. Тиісінше, қойма үй-жайлары тапшылығының ағымдағы мәселесі Алматы қаласында едәуір дәрежеде туындауы мүмкін, алайда, әсіресе импортқа тәуелді өңірлердегі басқа логистика орталықтарының дамуын күшейту қажет.

Анықтама үшін: NF Group ақпараты бойынша, қазіргі уақытта Қазақстанда салынып жатқан нысандар бар, олар 2023-2024 жылдардың соңында іске асырылуы тиіс. Олардың ішінде Алматыдағы ILP Group (23 мың шаршы метр) және Астанадағы AIE Logistics (20 мың шаршы метр) қойма кешендері бар.
2025 жылы ең ірі ТЛО-ның бірі - жалпы ауданы 500 мың шаршы метрді құрайтын Focus Logistics объектісі пайдалануға беріледі деп күтілуде. Қойма алаңдарымен қатар, жоба шеңберінде 100 мың шаршы метр light industrial және жыл сайынғы өткізу қабілеті шамамен 100 мың жиырма футтық эквивалентті (TEU) контейнерлік терминал салу көзделген. 

Бүгінгі күні, Инвестициялық жобалар пулына сәйкес Қазақстанда қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі саласында 819 млрд теңге сомасына 80-ге жуық инвестициялық жоба бар. 

Қойма үй-жайларын дамыту бойынша ұсыныстар
1. Елдің импортқа тәуелді өңірлерінде азық-түлік қоймаларының құрылысын жандандыру.

Бүгінгі таңда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі "Көкөніс қоймаларын салу және жаңғырту жөніндегі кешенді жоспарды" өзектендірді, оның шеңберінде өнімді тауарлық қасиеттерін сақтай отырып, ұзақ мерзімді сақтауды қамтамасыз ететін арнайы жабдығы бар қазіргі заманғы қоймаларды салу кезінде инвестициялық субсидиялау нормативін 25%-дан 40-50%-ға дейін ұлғайту көзделеді.

Көрші елдерден азық-түлік импортына қатты тәуелді өңірлерде азық-түлік қоймаларын салу арқылы нарықты отандық азық-түлік өнімдерімен қанықтырған жөн.


2. Жер учаскелерін бөлу және тиісті инфрақұрылымды жүргізу арқылы қойма үй-жайларын кеңейту.
Тарихи тұрғыдан дамушы нарықтарда ірі жергілікті бөлшек саудагерлер алғашқылардың бірі болып сапалы қойма алаңдарына сұранысты қалыптастыра бастады. Сонымен қатар, "А-класс" қоймаларына сұранысты сапалы логистикалық жүйелерді қажет ететін халықаралық брендтер қалыптастырады.

Негізгі логистикалық орталықтар республикалық маңызы бар қалаларда құрылғанын ескере отырып, кәсіпкерлерді жер учаскелерін бөлу және қажетті инфрақұрылымды жүргізу арқылы Қазақстанның басқа өңірлерінде бизнесті дамытуға ынталандыру бойынша жұмыс жүргізген жөн. Атап айтқанда, жергілікті әуежайлардың, кірме темір жолдардың, автомобиль жолдарының әлеуетін пайдалану, сондай-ақ инженерлік инфрақұрылымның сапалы қызметтерін ұсыну.

  
Автор: Каримов Ерлан
ӨЗО директоры


Барлық мақалалар

Қарау саны: 0
Сақталған: 11.05.2024





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!