Жауапты бизнес жүргізу саласындағы Нидерланд ҰБО тәжірибесі: негізгі кейстерді талдау және Қазақстан үшін қорытындылар
27.07.2026
Аналитикалық материалда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының көпұлтты кәсіпорындарға арналған Басшылық қағидаттарын қолдануға байланысты мәселелерді шешу жөніндегі Нидерланд Ұлттық байланыс орталығының тәжірибесі қарастырылған. Талдау еңбек құқықтары, экологиялық және адам құқықтарына қатысты тәуекелдер, цифрлық платформалардың қызметі, ақпаратты ашу және жеткізу тізбектеріндегі компаниялардың жауапкершілігі мәселелерін қамтитын Uber, Pluspetrol, Perfetti Van Melle және Stellantis компанияларына қатысты кейстер негізінде дайындалған.
Өтініштерді қарау рәсімдеріне, ізгі қызметтер мен медиацияны ұсынуға, тараптар арасында келісімге қол жеткізілмеген жағдайда қосымша талдау жүргізуге, сондай-ақ ҰБО-ның компанияларға беретін ұсынымдарына ерекше назар аударылған. Материалда ЭЫДҰ-ның жалпы стандарттарының тиісті сақтық, мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл, ашықтық, тәуекелдерді басқару және жағымсыз салдарды жою арқылы нақты іскерлік жағдайларға қалай қолданылатыны көрсетілген. Сонымен қатар Қазақстан ҰБО қызметін одан әрі дамыту және қазақстандық бизнестің жауапты бизнес жүргізу қағидаттары туралы хабардарлығын арттыру үшін пайдаланылуы мүмкін практикалық қорытындылар ұсынылған. <<Нидерланды ҰБО бизнесті жауапты жүргізу туралы істердегі тәжірибесі бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА>>
Қарау саны: 40 |
|
||||||||||||||||
|