ЭЫДҰ-ның бизнесті жауапты жүргізу бойынша 2026 жылғы шолуы

27.07.2026

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы «ЭЫДҰ-ның бизнесті жауапты жүргізу бойынша 2026 жылғы шолуы» атты алғашқы жаһандық шолуын жариялады.

Басылымда жауапты бизнес жүргізу қағидаттары мен тәуекелге негізделген тиісті кешенді тексерудің компаниялар қызметіне қаншалықты енгізілгені бағаланады. Сонымен қатар мемлекеттердің қолайлы нормативтік және институционалдық орта қалыптастыруға бағытталған шаралары қарастырылады.

Зерттеу әлемдік қор нарықтарында бағалы қағаздары айналыстағы 10 000 ірі компанияның ашық ақпаратын талдауға негізделген. Аталған компаниялардың үлесіне жаһандық нарықтық капиталдандырудың шамамен 96%-ы тиесілі. Бұдан бөлек, есепте Көпұлтты кәсіпорындарға арналған жауапты бизнес жүргізу жөніндегі ЭЫДҰ Басшылық қағидаттарына қосылған 52 елдің мемлекеттік саясаты талданған.

Негізгі қорытындылар

  • Ірі жария компаниялардың 69%-ы адам құқықтары, еңбек құқықтары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, парниктік газдар шығарындыларын азайту және биоалуантүрлілікті сақтау сияқты жауапты бизнес жүргізудің кемінде бір бағыты бойынша міндеттеме қабылдаған.

  • Алайда жарияланған міндеттемелер мен олардың іс жүзінде орындалуы арасында елеулі алшақтық сақталуда: компаниялар нақты теріс әсерлерді анықтау, алдын алу және жою шараларына қарағанда саясаттар мен басқару жүйелерінің болуы туралы жиі хабарлайды.

  • Компаниялардың шамамен жартысы жеткізушілерге экологиялық немесе әлеуметтік талаптар қояды, бірақ 20%-дан азы жеткізу тізбектеріндегі тиісті тәуекелдерді бағалайтынын көрсетеді.

  • Компаниялардың тек 8%-ы адам құқықтары мәселелері бойынша мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл туралы ақпарат жариялайды.

  • ЭЫДҰ-ға мүше мемлекеттердің 84%-ы экологиялық және әлеуметтік тиісті кешенді тексеруге байланысты нормативтік талаптарды енгізген.

  • Мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарына компанияларды тиісті кешенді тексеруді жүргізу кезінде қолдау, есептілік сапасын арттыру, қабылданған шаралардың нақты нәтижелерін бағалау және халықаралық үйлестіруді күшейту жатады.

Есепте өтініштерді қараудың қолжетімді соттан тыс тетіктерін дамыту қажеттілігіне ерекше назар аударылған. Осы тұрғыдан Ұлттық байланыс орталықтары тараптар арасындағы диалогқа жәрдемдеседі, ЭЫДҰ Басшылық қағидаттарының сақталмауына байланысты мәселелерді қарауға және бизнестің есептілігін арттыруға ықпал етеді.

Есептің қазақ тіліндегі толық мәтіні төменде.

Дереккөз: OECD (2026), OECD Responsible Business Outlook 2026: Making Commitments Count, OECD Publishing, Paris. DOI: 10.1787/2b15370f-en.

Аударма туралы ескертпе: қазақ тіліндегі аударманы «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ орындады. Түпнұсқа жарияланым мен аударма арасында қандай да бір сәйкессіздік болған жағдайда түпнұсқа мәтіні ғана жарамды болып есептеледі.


<<ЭЫДҰ-ның бизнесті жауапты жүргізу бойынша 2026 жылғы шолуы>>




Қарау саны: 63
Сақталған: 25.08.2026






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!