ЭЫДҰ-ның Ұлттық байланыс орталықтарының 2025 жылғы қызметі туралы жылдық есебі
27.07.2026
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы «Бизнесті жауапты жүргізу жөніндегі ұлттық байланыс орталықтары: ықпалын кеңейту және күтілетін талаптарды арттыру» атты Ұлттық байланыс орталықтарының 2025 жылғы қызметі туралы жылдық есебін жариялады.
Есепте жауапты бизнес жүргізу жөніндегі ЭЫДҰ Басшылық қағидаттарына қосылған 52 мемлекеттегі Ұлттық байланыс орталықтары желісінің қызметіне шолу ұсынылған. Құжатта ҰБО қызметінің мынадай негізгі бағыттары қарастырылады:
2025 жылдың негізгі нәтижелері 2025 жылы ҰБО желісіне рекордтық 120 өтініш келіп түсті, ал кемінде бір өтінішті 32 ҰБО қабылдады. Өтініштердің 70%-дан астамын жеке тұлғалар берген. Өтініштерде көбінесе тиісті тексеру, адам құқықтары, еңбек қатынастары және ақпаратты ашу мәселелері көтерілген. ҰБО-лар жауапты бизнес жүргізу стандарттарын ілгерілету бойынша белсенді жұмысын жалғастырды. Ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары мен материалдары 42 мыңнан астам адамды қамтыды. Сонымен қатар ҰБО-лардың 75%-ы жауапты бизнес жүргізу саласындағы мемлекеттік саясат пен нормативтік бастамаларды талқылауға немесе әзірлеуге қатысқанын хабарлады. Есепте сондай-ақ ҰБО-лар арасындағы халықаралық ынтымақтастықтың дамуы, міндетті өзара шолулар циклінің басталуы және Ұлттық байланыс орталықтарының тиімділігі мен функционалдық баламалылығын арттыруға бағытталған тәлімгерлік бағдарламасының іске қосылуы көрсетілген. Есептің қазақ тіліндегі толық мәтіні төменде. Дереккөз: OECD (2026), National Contact Points for Responsible Business Conduct: Growing Impact, Rising Expectations - 2025 Annual Report on NCP Activity, OECD, Paris. Аударма туралы ескертпе: орыс және қазақ тілдеріндегі аудармаларды «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ дайындады. Түпнұсқа жарияланым мен аударма арасында қандай да бір сәйкессіздік болған жағдайда тек түпнұсқа мәтіні жарамды болып есептеледі. <<ҰБО қызметі туралы 2025 жылғы жылдық есеп>>
Қарау саны: 68 |
|
||||||||||||||||
|