Қазақстан Ұлттық байланыс орталығы ЭЫДҰ Бизнесті жауапты жүргізу орталығының басшысымен онлайн-кездесуге қатысты

09.12.2022

2022 жылғы 2 желтоқсанда саясаткерлер мен жеке сектор өкілдері арасында «Ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізудің жаһандық тізбектерінде орнықты дамуды қамтамасыз ету бойынша іс-қимылды жеделдету» атты кездесу өтті.

Іс-шара Германияның Экономикалық ынтымақтастық және даму федералды министрлігінің Бас директоры Дирк Мейердің, сондай-ақ ЭЫДҰ жауапты бизнес орталығының басшысы Аллан Йоргенсеннің төрағалығымен өтті.

Онлайн-кездесуде Қазақстан тарапынан «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ (ERI) Ұлттық байланыс орталығы хатшылығының қызметкерлері қатысты.

Күн тәртібінде орнықты жеткізу тізбектері бойынша G7 (үлкен жетілік) Бастамаларының мәселесі болды. Кездесу Берлин қаласында (Германия) гибридті форматта өтті. Іс-шараға сондай-ақ:

- Макс Бауманн, агроазық-түлік жүйелерін трансформациялау жөніндегі аға кеңесші
- Маржолейн Хеннис, ЭЫДҰ-ФАО ауылшаруашылық өнімдерін жауапты жеткізу тізбектері бойынша консультативтік топтың төрағасы
- Себастьян Леш, Германияның экономикалық ынтымақтастық және даму федералды министрлігі «Орнықты ауылшаруашылық өндірістік-сату тізбектері, халықаралық ауылшаруашылық саясаты, ауыл шаруашылығы, ауылды дамыту, инновациялар» бөлімінің бастығы қатысты.

Компаниялардың үдемелі климаттық дағдарыс жағдайында ауыл шаруашылығы өнімдерін орнықты жеткізу тізбектерін қолдау жөніндегі міндеттемелер панельдік сессия барысында талқыланды. 

Талқылау шеңберінде орнықты жеткізу тізбектері бойынша G7 бастамаларынан мынадай тармақтарға баса назар аударылды:

 • азық-түлік жүйелерін ОДМ-ға қарай ілгерілетуді жеделдету.
 • 22 жаһандық азық-түлік және ауылшаруашылық компанияларына өз қызметі мен жеткізу тізбектерінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу.

Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар ЭЫДҰ мен Дүниежүзілік салыстырмалы талдау альянсының (WBA) ықтимал ынтымақтастығы осы саладағы синергияның күшеюіне ықпал етеді деген қорытындыға келді. 

Негізгі тақырыптар бойынша деректердің дәйектілігі мен сапасын жақсартудың ықтимал жолдары талқыланды. Мыналарға қатысты егжей-тегжейлерді зерттеу қажет екендігі атап өтілді:

- Тәуекелдің нақты мәселелеріне тиісті тексеру мен ықпал ету тетіктерін пайдалану;
- Тұтыну мен секторлардың жаһандық өлшемін талдау;
- Трансформацияның негізгі нүктелерінде тиісті сақтықты тексеру.

Кездесу соңында қатысушылар пікір алмасып, өзгерістерді жеделдету және одан әрі дамыту үшін қандай қосымша әрекеттер қажет екенін талқылады.




Қарау саны: 1740
Сақталған: 30.10.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!