Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы
08.10.2020
7 қазанда телефон арқылы сөйлесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин өңірдегі ахуалдың қазіргі даму мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Тараптар Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының үлгілі деңгейін және оны екі елдің мүддесі үшін одан әрі дамытудың кең перспективаларын атап өтті. ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мен РФ Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин сауда-экономикалық, қаржы-инвестициялық, энергетика салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі арттыру мәселелерін талқылады. Үкімет басшыларының келіссөздері Маминнің Мәскеуге жұмыс сапары аясында өтті. Еуразиялық экономикалық одақ форматындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралды. COVID-19-ның таралуына қарсы күрес және пандемияның екі елдің экономикалары үшін салдарын жою жөніндегі бірлескен шараларға ерекше назар аударылды. Мәскеу қаласына сапары барысында ҚР Премьер-Министрі А. Мамина Ресейдің орталық мемлекеттік органдарының, мемлекеттік корпорацияларының және қаржы-банк құрылымдарының басшылығымен кездесулері жоспарланған.
Қарау саны: 1218 |
|
|