Еуразиялық интеграция
09.10.2020
Ереванда ЕАЭО елдері үкімет басшыларының кеңесі өтеді. Интеграциялық «бестік» делегациялары бір күн бұрын армян астанасына келе бастады.
Күн тәртібінде – экономикалық интеграция. Премьер-министрлер ЕАЭО-да жолаушылар қатынасын қалпына келтіру мәселелерін талқылауды жоспарлап отыр. Негізгі тақырып санитарлық-эпидемиологиялық жағдай болады. Тауарларды цифрлық таңбалауға ерекше назар аударылатын болады. Еуразиялық комиссия өкілдері таңбалауды енгізуге жұмсалатын экономикалық шығындар бизнес пен мемлекеттерге берілетін айқын басымдықтармен ақталатынын атап өтті. Осылайша, адал өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігі артып, сұр айналым азаяды. Тұтынушылар үшін таңбалау-жеткізілетін өнім сапасының кепілі. Бұл ретте халықаралық сарапшылар цифрландыру тым ауқымды әрі күрделі процесс деп санайды - ЕАЭО мемлекеттерінде ол әртүрлі жылдамдықпен жүріп жатыр. Еуразиялық экономикалық комиссия қазірдің өзінде «Еуразиялық өнеркәсіптік кооперация, субконтрактация және технологиялар трансфері желісі», «Шекарасыз жұмыс» іздестірудің біріздендірілген жүйесі, цифрлық экожүйелерді, оның ішінде көлік дәліздерінің экожүйелерін қалыптастыру сияқты жобаларды іске асыратынын атап кеткен жөн. Қазір ЕЭК Еуразиялық экономикалық одақтың 2022 жылға дейін жалғасатын цифрлық күн тәртібін іске асырудың екінші кезеңіне кірісті.
Қарау саны: 1571 |
|
|