12.10.2020
Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) қатысушы елдердің халықаралық сауда-инвестициялық жәрмеңкесі 16-18 қазан аралығында Қытайдың шығысындағы Циндао қаласында (Шаньдун провинциясы) өтеді.
Іс-шара аясында алғаш рет Қытай мен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Циндао ынтымақтастық орталығы өз есігін ашады, ол өнімді көрсетуге, сауда-инвестициялық келіссөздер мен роуд-шоу іс-шараларын өткізуге арналған көпфункционалды платформа ретінде пайдаланылады.
Жәрмеңкеде қаржы, ауыл шаруашылығы, мәдениет, туризм, жеңіл өнеркәсіп және халық қолөнері саласындағы тауарлар мен қызметтер ұсынылады. Көрмеге 600-ден астам қытайлық және шетелдік компаниялар қатысады.
ШЫҰ 2001 жылы Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан мен Өзбекстанның қатысуымен құрылған тұрақты жұмыс істейтін халықаралық ұйым болып табылатынын атап кеткіміз келеді. 2017 жылы Үндістан мен Пәкістанға ШЫҰ-ға мүше мемлекет мәртебесі берілді
Қарау саны: 1189
Сақталған: 23.11.2024