Қазақстан мен БАӘ: ынтымақтастық
13.10.2020
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Абу-Даби қаласына жұмыс сапары аясында Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) Премьер-Министрінің орынбасары, Президент істері жөніндегі министр шейх Мансұр бен Заид Әл Нахаянмен келіссөздер жүргізді. Кездесу барысында инвестициялық ынтымақтастық жөніндегі құжатқа қол қойылды, ол $6,1 млрд-қа 21 жобаны іске асыруды көздейді.
Жоспарланған 21 инвестициялық жобаның 10-ы қосылған құны жоғары азық-түлік өнімдері өндірісін іске қосуды көздейді. Барлық инвестициялық жобалар қосылған құны мен өтімділігі жоғары, сондай-ақ ішкі және перспективалы сыртқы нарықтардағы сұраныстың үлкен әлеуеті бар өндірістер құруға бағытталған. Оларды іске асыру Қазақстанға жаңа сапалы жұмыс орындарын құруға, озық технологиялар мен практиканы енгізуге мүмкіндік береді және екі ел арасындағы тауар айналымын одан әрі арттыруға ықпал ететін болады. Жұмыс сапарына Ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, Әділет министрі М. Бекетаев, Нұр — Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгінов, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары Ж. Мәдиев, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы А. Әріпханов және т.б. қатысты.
Қарау саны: 1153 |
|
|