БҰҰ-ның 75 жылдығы
26.10.2020
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерришке Біріккен Ұлттар Ұйымының 75 жылдығына орай құттықтау жеделхатын жолдады. «Осы сәтте мемлекеттер БҰҰ-ның жылдар бойы қол жеткізген үздіксіз прогресінің әсерлі жолын мақтанышпен бағалай алады. Бүгінгі күннің өзінде, әлем денсаулық сақтау, геосаясат және экономика салаларында бұрын — соңды болмаған дағдарысқа тап болған кезде, БҰҰ миллиондаған адамдар, әсіресе осал топтардың өкілдері үшін үміт шамшырағы болып қала береді», - делінген жеделхатта. Президент Тоқаев Антониу Гутерриштің БҰҰ жүйесінің тиімділігін, есептілігі мен келісімділігін арттыруға бағытталған стратегиясы мен тынымсыз күш-жігеріне толық қолдау білдірді. «Біз Біріккен Ұлттар Ұйымының жарғысында бекітілген негізгі мақсаттар мен қағидаттарды сақтауға және қорғауға тікелей жауаптымыз. Қазақстанның БҰҰ — ның тұрақты, қауіпсіз және инклюзивті болашақты қамтамасыз етуге бағытталған іс-қимылына берік бейілділігіне сендіруге рұқсат етіңіз», - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев. Соңында Қазақстан Президенті Антониу Гутерришке және БҰҰ-ның барлық қызметкерлеріне олардың игі бастамаларында табыс тіледі. Қазақстан адамзат өмірінің әлеуметтік, экономикалық, климаттық жағдайларын жақсартуға бағытталған ауқымды және ашық пікірталас алаңы UN75 жаһандық диалогының ең белсенді қатысушыларының бірі болғанын атап кетейік. 23 қазанда Ұйымның 75 жылдығына орай Біріккен Ұлттар Ұйымының «UN75: ортақ күшпен ортақ болашақ» атты онлайн мерекесі өтті.
Қарау саны: 1453 |
|
|