Күн энергиясы:
27.10.2020
Sun Cable компаниясы 20 миллиард доллар тұратын күн панельдеріне негізделген әлемдегі ең ірі электр станциясының құрылысы туралы жариялады. Ол Австралияның Дарвин және Элис Спрингс қалалары арасында орналасады және оның қуаты 10 ГВт болады.
Құрылыстың басталуы 2023 жылға жоспарланған. Жобаны Солтүстік аумақтың Қоршаған ортаны қорғау басқармасы бекіткен жағдайда станция 2026 жылдың басында іске қосылады. 2027 жылға Сингапурға электр қуатын жеткізу жоспарланған. Өндірілетін электр энергиясының үштен бірі Дарвин қаласының энергетикалық жүйесінде пайдаланылады деп жоспарлануда. Электр энергиясының қалған үштен екісі су астындағы жоғары вольтты кабельдер арқылы Сингапурға экспортталады. Осылайша, Newcastle Waters күн фермасы Сингапурдың электр қуатына деген қажеттілігінің бестен бір бөлігін қамтамасыз ете алады. Электр станциясының құрылысын Австралия үкіметі және екі австралиялық миллиардер Майк Кэннон - Брукс және Эндрю Форрест қолдайды.
Қарау саны: 1405 |
|
|