ЕАЭО және ҚХР:

28.10.2020

Еуразиялық экономикалық комиссияның интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Сергей Глазьев ЕАЭО мен Күншығыс елі арасында басым болып отырған еуро мен долларда емес, өз валюталарында сауда операцияларын жүргізуге тиіс деп санайды.

«Мұнда АҚШ пен ЕО-дан саяси тұрғыдан бөлінуді айтып отырған жоқпыз, халықаралық нарықтағы валюталық – қаржылық қатынастардың қазіргі жағдайы көптеген елдердің мүдделеріне сәйкес келмейді», - деді Глазьев «Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасының ұштасуы» форумы барысында.

Қазір, оның айтуынша, халықаралық қаржы нарығында ЕАЭО елдерінің экономикаларына теріс әсер ететін валюта бағамдарын айла-шарғы жасау белгілері байқалуда. Қосымша проблемалар әр түрлі нарықтардағы ақшаның әр түрлі бағасымен байланысты және капитал ағындары мен баға белгілеуге қатысты балама емес ақша-экономикалық алмасуды тудырады

«Біз өзіміз анықтай алмайтын бағалармен сауда-саттық жүргізіп жатқанымыз, біздің компанияларға үлкен шығын алып келеді», – деп толықтырды ол.

Қытай Халық университетінің Макроэкономикалық зерттеулер департаментінің директоры Лю Ю Шу бұл бастаманы қолдап, транзакцияларды үнемдеуге болатын ең перспективалы жол-цифрлық ұлттық валютадағы есептеулер екенін айтты. Бірақ әзірге мұндай мүмкіндік тек талқылануда, деді ол.

Қазір ЕАЭО мен Күншығыс елі арасында жасалатын доллармен емес төлемдердің үлесі бар болғаны 15 пайызды құрайды.


Қарау саны: 1283
Сақталған: 23.11.2024





Төрағаның блогы Әлемдегі жаңалықтар Қазақстан экономикасының оқиғалары Институттың жаңалықтары Пікір айдары National Economy: MONITOR Journal of Economy and Finance Пікір-талас клубы Сауалнама
2024
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2023
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2022
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2021
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2020
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!