Жаһандық туризм
29.10.2020
Әлемдік туризм саласындағы пайданың төмендеуі - шілдеде 81%-ға және
тамызда 79%-ға. Бұл туралы БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымының 27 қазанда
жарияланған хабарламасында айтылған.
2020 жылдың сегіз айында әлемдік туризмнің пайдасы 70% - ға төмендеп, 730 миллиард долларды құрады. «Пандемияға қатысты белгісіздіктің сақталуына байланысты сапарларға деген сұраныс айтарлықтай төмен деңгейде қалып отыр. Соңғы үрдістерге сүйене отырып, 2020 жылы жалпы құлдырау шамамен 70% болады деп күтілуде», — деп атап өтті ұйым. Алынған шығын 2009 жылы жаһандық экономикалық дағдарыстың салдарынан болған туристік сектордың шығындарынан сегіз есе көп. Туристер санының азаюы бүкіл әлемде орын алатынын атап кетейік. Азия-Тынық мұхит өңірі бірінші болып COVID-19-дан зардап шекті, ол жаққа келушілер саны 79 пайызға азайды. Әрі қарай Африка мен Таяу Шығыс (екеуі де – 69 пайыздан), Еуропа (68 пайыз) және Америка елдері (65 пайыз) орналасқан. БҰҰ сарапшылары 2021 жылдың үшінші тоқсанында халықаралық туризмнің жандануын болжайды. Пессимистік болжам бойынша туризмді қалпына келтіру 2022 жылдан ерте болмайды.
Қарау саны: 1771 |
|
|