ЕАЭО, келісім:
05.11.2020
ЕАЭО елдері өз мемлекеттерінің аумағындағы еңбекшілерге зейнетақымен қамсыздандыру саласында тең құқықтар беруге ниетті. Бұл 4 қарашада жалпы отырыста Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары мақұлдаған келісіммен көзделеді.
Бұдан басқа, Қазақстанда еңбек көшіп қонушылары өз қаражатын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудара алады, содан кейін зейнетақы жасына жеткен, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі белгіленген кезде одан зейнетақы төлемдерін ала алады. «Бүгінгі таңда мүше мемлекеттерде әртүрлі зейнетақы жүйелері жұмыс істейді. Мысалы, Беларусь Республикасында жинақтаушы жүйе жоқ, басқа жинақтаушы жүйелерде айырмашылықтар бар», – деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов. Келісімнің күшіне енуі еңбекшілердің зейнетақы жинақтары жүйесіндегі проблемалық мәселелерді реттеуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, жұмысқа орналастыру мемлекеттерінде ЕАЭО еңбек етуші азаматтарының тең құқықтары қамтамасыз етіледі, зейнетақыны экспорттау мәселелері реттелетін болады. Еңбекмині сондай-ақ Келісім күшіне енгеннен кейін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтары еңбек қызметін жүзеге асырған мемлекеттің азаматтары сияқты зейнетақымен қамсыздандыру құқығына ие болатынын хабарлады.
Қарау саны: 1216 |
|
|