Шанхайдағы халықаралық сауда көрмесі

06.11.2020

Шанхайда 5-10 қараша аралығында Халықаралық импорттық тауарлар көрмесі (CIIE 2020) өтуде.

Қазақстан атынан 8 санат бойынша 35 өндіруші өкілдік етеді:
  1. ұн тарту өнеркәсібі, крахмалдар және крахмал өнімдері («Дани-Нан» ЖШС, «Аруана-2010», «Бест-Қостанай», «Саламат» компаниясы, BIO Operations және басқалары);
  2. тұз («Аралтұз» АҚ);
  3. сусындар («Global Beverages» ЖШС, Arba Wine, «Нұржанар» АҚ, ОБИС компаниясы, RG Brands Kazakhstan);
  4. балық, ет және ет консервілері («Кублей» ЖШС, Meat Processing and service, KazBeef Group, «Первомайские деликатесы» ЖШС және басқалар);
  5. сүт өнімдері («ДЕП» ЖШС, «Лидер 2010»);
  6. кондитерлік өнімдер мен бал («Баян Сұлу» АҚ, «Kondiz Distribution» ЖШС, «Сәуле» кондитерлік фабрикасы, «Пчела» ЖШС);
  7. өсімдік майлар «Евразиан Фудс Корпорейшн» АҚ, «Kaz-Ir Agro» ЖШС, «ЭФКО АЛМАТЫ»);
  8. тұздықтар.
CIIE-China International Import Exposition-Қытай нарығына халықаралық өнімдер үшін тиімді алаң.

«Шанхай көрмесі В2В форматындағы сұранысқа ие сауда алаңдарының бірі болып табылады. Бұл әсіресе биылғы жылы, пандемияға байланысты жаһандық шектеулерге қатысты өзекті болып отыр. Көрме алаңында қазақстандық компаниялар Қытайда бизнес-серіктестер табу мүмкіндігіне ие болды. Биылғы көрме қазақстандық тауарларды сатып алуға мүдделі көптеген қонақтарды тартады деп үміттенеміз», - деп түсіндірді ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов.


Қарау саны: 1355
Сақталған: 06.11.2020





Төрағаның блогы Әлемдегі жаңалықтар Қазақстан экономикасының оқиғалары Институттың жаңалықтары Пікір айдары National Economy: MONITOR Journal of Economy and Finance Пікір-талас клубы Сауалнама
2024
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2023
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2022
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2021
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2020
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!