10.11.2020
10 қарашада Ресей Федерациясының төрағалығымен бейнеконференция форматында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы өтеді. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев онлайн-шараға қатысады.
Саммит барысында коронавирус пандемиясының жаһандық саяси және әлеуметтік-экономикалық салдарлары контексінде ШЫҰ шеңберінде өзара іс-қимылды одан әрі нығайту жөніндегі бірінші кезектегі міндеттер қаралады деп жоспарлануда. ШЫҰ мемлекеттерінің көшбасшылары сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасады.
Сонымен қатар, іс-шараға қатысушыларға БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш бейнеөтініш жасайды.
Отырыс қорытындысы бойынша Мәскеу декларациясы мен бірқатар басқа құжаттар қабылданады деп күтілуде.
Қарау саны: 1244
Сақталған: 22.12.2024