Қазақстандағы түрік жобалары:

11.11.2020

Түрік инвесторлары Қазақстанға 160 млн доллар салады. Жобалар ағымдағы жылдың соңына дейін инфрақұрылым, машина жасау, тамақ өнеркәсібі және ағаш өңдеу сияқты салаларда іске асырылатын болады.

Қазақстан делегациясы Ыстамбұлда 30-дан астам ірі компаниялардың басшыларымен кездесті. KAZAKH INVEST ақпараты бойынша, кездесу қорытындысы 5 қол қойылған инвестициялық келісім болды. Жоспарда - 5 мыңнан астам жұмыс орнын құру.

Келісімдер шеңберінде жаңа жиһаз зауытын іске қосу, алюминийден электродтар мен құрылыс материалдарын өндіру, т.б. көзделіп отыр. Келер жылы Нұр-Сұлтанда сауда-ойын-сауық орталығын салу жоспарда бар. Өскеменде тараптар жаңа қазандықты іске қосуға ниетті. Сондай-ақ, 21 жылы Қазақстанда ауданы 50 гектар жылыжай салынады.

Түркия Қазақстан экономикасына инвестиция салатын он елдің қатарына кіреді. Пандемияға қарамастан, осы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша елдер арасындағы тауар айналымы 2 млрд-тан асты, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,4% - ға артты. Азық-түлік өндірісі, ауыл шаруашылығы, құрылыс салалары қаржылық инвестициялар үшін ең тартымды болып қала береді.


Қарау саны: 1210
Сақталған: 23.11.2024





Төрағаның блогы Әлемдегі жаңалықтар Қазақстан экономикасының оқиғалары Институттың жаңалықтары Пікір айдары National Economy: MONITOR Journal of Economy and Finance Пікір-талас клубы Сауалнама
2024
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2023
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2022
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2021
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2020
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!