БҰҰ: G20-ға үндеу

19.11.2020

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш G20 мүшелеріне коронавирусқа қарсы халықаралық бастамаға 28 миллиард доллар бөлуді ұсынды. Бұл туралы Бас хатшының G20 басшыларына жолдаған хатында айтылған.

«Мен G20-ны COVID-19-бен күресу үшін қаражатқа қол жеткізуді жеделдету Бастамасы үшін, сондай-ақ медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіруді ұлғайту және негізгі медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету, оның ішінде денсаулық сақтау жүйесі мен экономикасының қиындықты жеңуге мүмкіндіктері аз дамушы елдерде қажет болатын қаржыландыру үшін 28 миллиард долларлық алшақтықты толтыруға шақырамын», - делінген үндеуде. Оның бастамасы 21 қарашада өтетін «үлкен жиырмалық» онлайн-форумында талқыланады.

Американдық Джонс Хопкинс Университетінің мәліметі бойынша, коронавирустық пандемия басталғаннан бері әлемде 56 миллионнан астам инфекциялану жағдайлары тіркелген. Қазіргі уақытта CoViD-19 жағдайларының саны 56 108 310 құрайды. Науқастар саны бойынша бірінші орында АҚШ (11 498 515) орналасқан, сонымен қатар үштікке Үндістан (8 912 907) және Бразилия (5 911 758) кірді. Пандемия басталған сәттен бастап CoViD-19-дан 36 091 767 адам емделіп шықты, 1 347 778 науқас қайтыс болды.

Вирус жұқтырғандар санының өсуіне байланысты АҚШ экономикасы жаңа қиындықтарды бастан кешуде. COVID-19 таралуы басталғаннан бері елде ауруды шамамен 11,5 миллион адам жұқтырды. Әсіресе пандемия еңбек нарығына әсер етті. Осылайша, билік органдарының мәліметінше, осы жылдың үшінші тоқсанында жұмыссыздық деңгейі шамамен 7%-ды құрады. Сайланған президент Джо Байден бұл мәселемен күресуге ниетті. Оның айтуынша, команда экономиканы қалпына келтіру бойынша жоспар әзірледі, оған жаңа жұмыс орындарын құру және жалақыны арттыру кіреді.

Еуропа елдерінің ішінде Италия COVID-19-дан көп зардап шекті. Эпидемия басталғаннан бері елде миллион үш жүз мыңнан астам тұрғын коронавирус жұқтырды. Осылайша, ауру бойынша мемлекет Еуропалық Одақ елдері арасында үшінші орын алады. Вирусқа байланысты елде енгізілген шектеу шаралары экономиканың құлдырауына әкелді. Бизнесмендерді ынталандыру және қолдау үшін Италия үкіметі келесі жылға арналған бюджет жобасын мақұлдады. Алдын ала бағалаулар бойынша, ол кем дегенде 38 миллиард еуроны құрайды. Оның ішінде 5 млрд еуродан астамы жұмыс орындарын сақтау үшін ақы төленбейтін демалыс бағдарламасына бағытталатын болады.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Адан Гебрейюс Еуропа мен АҚШ денсаулық сақтау жүйелері сарқылу шегінде жұмыс істеп жатқанын айтқан болатын. Коронавирустық пандемияға байланысты эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлауына байланысты бірқатар елдер қайта карантиндер енгізді. Атап айтқанда, бұл елдер Ирландия, Чехия, Словения, Германия, Франция, Бельгия және Греция. Өз кезегінде Украина демалыс күндері карантин енгізді.


Қарау саны: 1324
Сақталған: 22.12.2024





Төрағаның блогы Әлемдегі жаңалықтар Қазақстан экономикасының оқиғалары Институттың жаңалықтары Пікір айдары National Economy: MONITOR Journal of Economy and Finance Пікір-талас клубы Сауалнама
2024
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2023
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2022
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2021
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2020
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!