Ресей:
24.11.2020
Ресей президенті Владимир Путин ауқатты азаматтар үшін жеке тұлғалардың табыс салығын (ЖТТС) ұлғайту туралы Заңға қол қойды.
Келесі жылдан бастап жылына бес миллион рубльден асатын кірістерге 15% ставка бойынша салық салынатын болады. Бұрын ЖТТС ставкасы 13% болған. Бұл шара еңбек қызметіне тікелей байланысты мерзімді және белсенді кірістерге (жалақы мен дивидендтерді қоса) қатысты. Бірақ ол жеке мүлікті сатудан түскен қаражатқа (бағалы қағаздарды қоспағанда) және сақтандыру мен зейнетақымен қамсыздандыру шарттары бойынша төлемдерге қолданылмайды. Бұл кірістерге әлі де 13% ставка бойынша салық салынатын болады. Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, алдағы үш жылда ауқатты адамдардың кірістеріне ЖТТС арттыру бюджетке шамамен 190 миллиард рубль әкелуі керек. Олар сирек кездесетін ауыр аурулары бар балаларды емдеуге жіберіледі. Ақша емдеуге, қымбат дәрі-дәрмектерді, техника мен оңалту құралдарын сатып алуға, жоғары технологиялық операцияларды жүргізуге жұмсалады. Қазақстанда депутаттар сән-салтанат салығын енгізуді ұсынғанын атап кетейік. Қазіргі уақытта бұл мәселені ҚР Ұлттық экономика министрлігі қарастыруда. Бұған дейін ҰЭМ басшысы Руслан Дәленов салық салуда қазақстандықтар үшін әділ қағидаттар көзделгенін, ал сән-салтанатқа салынатын салық бұл үшін тиімді шара болып табылатынын атап өтті. Дәленовтың айтуынша, бүгінгі күні ЖТС мөлшерлемесі 10% - ды құрайды, ал табысы аз адамдар үшін салық салудың төмен мөлшерлемелері пайдаланылады.
Қарау саны: 1282 |
|
|