ЕАЭО:
03.12.2020
Онлайн-форматта өткен бірінші Эфиопия-Еуразиялық бизнес-форумында іскерлік және сарапшылар қоғамдастығының өкілдері Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасымен ынтымақтастығының перспективаларын талқылады.
«... Біз Африка құрлығының бірқатар елдері тарапынан ЕЭК-пен диалогты тереңдетуге мүдделіліктің артқанын атап өтеміз, бұл ЕАЭО шеңберінде ұлтүсті реттеудің әртүрлі аспектілеріне назар аударумен байланысты» - деп форумда Еуразиялық экономикалық комиссия атынан сөз сөйлеген Интеграцияны дамыту департаментінің директоры Гоар Барсегян хабарлады. Өз кезегінде Эфиопияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Аргау Алемайеху Тегенге одақ елдерімен сауда-экономикалық өзара іс-қимылды тереңдетуге мүдделілік білдірді. РҒА Африка институтының директоры Ирина Абрамованың айтуынша, Эфиопия өз аумағы арқылы өтетін қытайлық Жаңа Жібек жолына, сондай-ақ Эфиопия экономикасының өсу қарқынына байланысты инвесторлар үшін ерекше тартымдылыққа ие. Бизнес-форум шеңберінде инвестициялар, сауда-экономикалық өзара іс-қимылды дамытуда қаржы құралдарын пайдалану, инновациялық технологиялар мен бірлескен өндірістер трансфері, Одақ елдерінің бизнесі үшін Эфиопияда преференциялар жүйесін құру мәселелері талқыланды. Іс-шараға Эфиопияның ресми және іскер топтарының, сондай-ақ ЕАЭО мемлекеттерінің сарапшылық және іскерлік қоғамдастықтарының өкілдері қатысты. Анықтамалық: ЕАЭО-ның Африка мемлекеттерімен тауар айналымы соңғы 10 жылда 20 млрд доллардан асып, үш есеге жуық өсті. Бұл ретте сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды ұлғайту үшін елеулі резерв сақталуда.
Қарау саны: 1136 |
|
|