ОПЕК + отырысының қорытындылары
04.12.2020
3 желтоқсанда бейнеконференция форматында ОПЕК + келісіміне қатысушы елдердің министрлік отырысы өтті.
«Отырыс қорытындысы бойынша 2021 жылдың қаңтарында ОПЕК+ елдерінің өндірісінін тәулігіне 500 мың баррельге ұлғайтудан мұнайға ұсынысты арттыру туралы шешім қабылданды. ОПЕК + қатысушы елдердің өндірісін жалпы шектеу 2021 жылғы қаңтарда базалық деңгейден тәулігіне 7,2 млн баррельді құрайды», - делінген Энергетика министрлігінің хабарламасында. ОПЕК + келісімі әлемдік мұнай индустриясына жағымды әсер етеді, сұраныс пен ұсыныс теңгерімін қолдайды және мұнай мен мұнай өнімдері нарығын тұрақтандырады, деп атап өтті отырыста Қазақстанның атынан қатысқан Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев. Қазақстан үшін міндеттемелер деңгейі 2021 жылғы қаңтарда тәулігіне 1,417 млн баррельді құрайды. Бұған дейін қатысушылардың көпшілігі, оның ішінде Ресей, келесі жылдың бірінші тоқсанына өндірісті қысқарту квоталарын ұзартуды қолдайтындығы айтылған. Алайда, БАӘ мен Қазақстан қарсы шықты. «БАӘ өтемақы көлеміне қатысты мәселені көтеріп, мәміленің кейбір қатысушылары келісім бойынша өз міндеттемелерін толық сақтамағанын атап өтті», — делінген ресми дереккөздерде.
Қарау саны: 1114 |
|
|