Адами даму индексі:

18.12.2020

Қазақстан Адами даму индексінде өз орнын сақтап қалды және 189 мемлекет пен аумақтар ішінде 51-ші орынды иеленіп, адами дамуының деңгейі өте жоғары мемлекеттер санатында тұр.

Адами даму туралы баяндаманың отызыншы «Жаңа белес: адами даму және антропоцен» мерейтойлық басылымы жыл сайынғы Адами даму индексін (АДИ) құрудың жаңа, эксперименталды тәсілін ұсынады. Елдегі денсаулық сақтау, білім беру және өмір сүру деңгейі сияқты көрсеткіштерді ескеретін АДИ-ге екі қосымша элементті енгізудің арқасында - көмірқышқыл газының шығарындылары және елдің ресурстарды тұтынуын - адамзаттың прогресін анықтау кезінде басты ескерілетін элемент ретінде адамдардың әл-ауқаты мен планетаға деген қысымды жеңілдету болып қарастырылса, индекс дамудың жаһандық көрінісі қалай өзгеретінін көрсетеді. Планетаға деген қысымды ескеретіндей етіп өзгертілген осы АДИ-нің арқасында әлемнің жаңа көрінісі пайда болады, ол адамзат прогресінің соншалықты керемет деңгейде емес екенін көрсете отырып, нақты, шынайы бағасын береді.

Мысалы, 50-ден астам ел қазба отынына және ресурстарды тұтынуға тәуелді болғандықтан дамудың өте жоғары тобынан шығарылады.

«Қазақстан АДИ-де өз орнын сақтап қалды және 189 мемлекет пен аумақтар ішінде 51-ші орынды иеленіп, адами дамуының деңгейі өте жоғары мемлекеттер санатына қосылды. Жалпы алғанда, АДИ рейтингіндегі Қазақстанның маңызы 1990 жылдан бастап 19,6 пайызға ұлғайып, айтарлықтай жақсарды. Сонымен бірге, елде бірқатар экологиялық проблемалар бар, мысалы, көмірқышқыл газы шығарындылары және қазба отындарынан өндірілетін энергияны тұтыну көрсеткіштерінің көп болуы. Адами даму туралы жаңа баяндама АДИ индикаторларын адам әрекетінің ғаламшарға деген қысымын қарастыра отырып түзететіндігін ескерсек, Қазақстанның көрсеткіштері антропоцен дәуірінің негізгі міндеттері шешілмеген жағдайда нашарлауы мүмкін деп болжауға болады», - деді Якуп Бериш, БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі.

Анықтама: Адами даму индексі - бұл адам дамуының үш негізгі өлшемі бойынша ұзақ мерзімді жетістіктерді бағалаудың құрамдас индикаторы: денсаулық пен ұзақ өмір, білімге қол жетімділік және лайықты өмір деңгейі. Денсаулық пен ұзақ өмірді өлшеу өмір сүру ұзақтығымен бағаланады. Білім деңгейі ересек халықтың орташа білім ұзақтығымен өлшенеді. Өмір сүру деңгейі жан басына шаққандағы жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) деңгейімен өлшенеді. Адам дамуы туралы баяндама, сонымен қатар, теңгерімсіздік ескеріле отырып, дұрысталған Адам дамуының индексі (IHDI), Гендерлік даму индексі (GDI), Гендерлік теңсіздік индексі сияқты қосымша мамандандырылған индекстер бойынша шаралар ұсынады. Адамның даму сапасы, жынысы мен әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту, қоршаған орта және әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық туралы таңдаулы ақпарат ұсынылған. Биылғы жылы Адами даму индексіне екі қосымша элементті - көмірқышқыл газы шығарындыларының көлемі мен елдің ресурстарды тұтынуын ескеретін жаңа, эксперименталды тәсіл енгізілді. Осылайша, адамзат прогресін анықтауда адамның әл-ауқаты және планетаға деген қысымның азайтылуы секілді негізгі элементтер қарастырылады.


Қарау саны: 6511
Сақталған: 18.12.2020





Төрағаның блогы Әлемдегі жаңалықтар Қазақстан экономикасының оқиғалары Институттың жаңалықтары Пікір айдары National Economy: MONITOR Journal of Economy and Finance Пікір-талас клубы Сауалнама
2024
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2023
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2022
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2021
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2020
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!