Семей өңірін оңалту

23.12.2020

БҰҰ Бас Ассамблеясы Семей өңірінің халқын оңалту, қоршаған ортасын қалпына келтіру және экономикалық дамыту мақсатындағы халықаралық ынтымақтастық пен қызметті үйлестіру туралы Қазақстан бастамашылық еткен қарарды бірауыздан қабылдады.

Құжатта Қазақстан үкіметінің Семей өңірінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға жәрдемдесу үшін ресурстар бөлудегі маңызды рөлі танылады.

"Құжатта халықаралық қоғамдастыққа Қазақстанға зардап шеккен халықты емдеу жөніндегі арнайы бағдарламаларды әзірлеуге және жүзеге асыруға, Семей өңіріндегі экономикалық өсу мен орнықты дамуды қамтамасыз ету жөніндегі күш – жігерге көмек көрсетуге шақыру айтылған", - деп хабарлайды Қазақстан СІМ баспасөз қызметі.

Қарар жобасының тең авторлары халықаралық қоғамдастық өкілдерінің рекордтық саны болды: БҰҰ-ға мүше 118 мемлекет.

"Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі қарардың тең авторлары ретінде БҰҰ-ға мүше елдерге алғыс білдіреді", - делінген хабарламада.

Бұл Қарарды БҰҰ 10-шы рет қабылдады. Ол алғаш рет 1998 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 52-сессиясында мақұлданды.

Семей өңірі бойынша қабылданған қарар халықаралық қоғамдастықтың адамдардың, әсіресе балалардың және басқа да осал топтардың өмірі мен денсаулығы үшін ядролық сынақтардың салдарының ұзақ мерзімді сипатына Қазақстанның елеулі алаңдаушылығын мойындауының көрнекі дәлелі болып табылады, - деп атап өтті СІМ-де.

Анықтамалық: Қазақстанда Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 1991 жылы әлемдегі ең ірі ядролық полигон – Семей сынақ полигоны жабылды, онда 1949 жылдан 1989 жылға дейін 458 атмосфералық және жерасты жарылыстары жасалды. Осы ядролық сынақтардан зардап шеккен аумақ 300 мың шаршы шақырымнан асады. Миллионнан астам адам сынақтардың құрбандары деп танылды, радиация зардап шеккен өңір тұрғындарының иммундық жүйесін әлсіретті. Ядролық сынақтардың зиянды әсері ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келеді.


Қарау саны: 1314
Сақталған: 23.11.2024





Төрағаның блогы Әлемдегі жаңалықтар Қазақстан экономикасының оқиғалары Институттың жаңалықтары Пікір айдары National Economy: MONITOR Journal of Economy and Finance Пікір-талас клубы Сауалнама
2024
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2023
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2022
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2021
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2020
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!