ЕАЭО елдері:

24.12.2020

Еуразиялық экономикалық комиссияның сауда блогы Үндістанмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту перспективаларына арналған конференция өткізді. Еркін сауда туралы келісім жасалған жағдайда ашылатын мүмкіндіктер ұсынылған.  

Келіссөздер барысында Үндістандағы өнеркәсіпті дамыту және экология саласындағы бастамалар мен жаңа технологияларды дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламалардың едәуір көлеміне баса назар аударылды. Бұл көрсеткіш жиынтығында 100 млрд АҚШ долларынан асады.

"Біздің бағалауымыз бойынша, Еуразиялық экономикалық одақ елдері үшін елеулі экономикалық әсер егжей – тегжейлі тауарлық қамтумен сауда келісімін жасасу кезінде туындайды, - деп мәлімдеді ЕЭК сауда жөніндегі алқа мүшесі (министр) Андрей Слепнев. – Үнді нарығына қазірдің өзінде жеткізілетін басым өнімдермен қатар, біз жаңа экспорттық тауарларды – экологиялық таза көлік құралдарын, теміржол техникасын құрастыруға және "ақылды" қалалардың жобаларын жүзеге асыруға арналған құрамдауыштарды, вирустардан қорғайтын құралдарды ұсынатын боламыз".

Көлік, энергетика, металлургия, химия өнеркәсібі, қоқысты қайта өңдеу саласындағы жобалар да қатысу үшін кең мүмкіндіктер ашады.  Авиақұрылыс және кеме жасау өнімдерін жеткізу маңызды мәнге ие болады,-деп хабарлады ЕЭК баспасөз қызметі.  

Сонымен бірге, Үндістан нарығында іс жүзінде болмайынша, өнімді түпкілікті тұтынушыға жеткізу нарықтың ерекшеліктеріне байланысты қиын және әрдайым мүмкін емес міндет болып табылады.

"Үндістан-оңай нарық емес. Бірақ оған жүйелі жобалық негізде жұмыс жасайтын адам нәтижеге қол жеткізеді. Әрине, нарықта болу керек, қарым-қатынас жасау керек және байланыста болу керек. Пікірталас барысында біз сауда келіссөздерінің тактикасы мен жобалардың нақты тізбесін дамытумен қатар сауданың жүйелі жағдайларын қалыптастыру, бизнес-байланыстарды ынталандыру – ең дұрыс екеніне тағы да көз жеткіздік. ЕЭК ЕАЭО-ға мүше мемлекеттермен бірлесіп ЕСА қалыптастыру жөніндегі келіссөздермен қатар ілгерілейтін жобалардың осындай тізбесін қалыптастыру жөніндегі жұмысты жандандырады. Ал нақты салаларға қызығушылыққа, баждарды азайтуға, басқа да жүйелі шарттарды қалыптастыруға қатысты түсініктемелер-осының бәрі тіркеліп, әрі қарайғы жұмыс барысында міндетті түрде пайдаланылатын болады", - деп түйіндеді ЕЭК-тің сауда жөніндегі министрі.

Үндістанмен преференциялық келісім жасасу туралы келіссөздер "Еркін сауда аймағы туралы келісім жасасу туралы Үндістан Республикасымен келіссөздерді бастау туралы" Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 14 шешіміне сәйкес жүргізіледі.


Қарау саны: 1241
Сақталған: 23.11.2024





Төрағаның блогы Әлемдегі жаңалықтар Қазақстан экономикасының оқиғалары Институттың жаңалықтары Пікір айдары National Economy: MONITOR Journal of Economy and Finance Пікір-талас клубы Сауалнама
2024
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2023
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2022
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2021
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2020
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!