РФ ЕЭК ұсынысы:

28.12.2020

Ресей ЕЭК-ке 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап сиыр етіне 27,5% кіріс бажы салығын енгізу туралы бастама ұсынды.

РФ-на сиыр етін жеткізудің жаңа тетігі туралы мәселе қараша айында кедендік-тарифтік реттеу және тарифтік емес реттеу, сыртқы саудадағы қорғаныс шаралары жөніндегі кіші комиссия отырысында талқыланған. Ресей Федерациясының бастамасы ЕАЭО аумағында етті мал шаруашылығын дамытуға, саланың инвестициялық тартымдылығын арттыруға, Одақ елдерінде өндірілетін сиыр етіне сұранысты арттыруға және өндірушілерді қолдауға бағытталған, деп ресейлік БАҚ хабарлайды.

Қазіргі уақытта квотадан тыс жеткізуге бажы  50%, бірақ 1 кг-ға 1 евродан кем еместі құрап отыр.

РФ ет импортын 2003 жылдан бастап квоталауда. Сиыр етін жеткізуге квота 570 мың. тоннаны, оның ішінде салқындатылған сиыр етіне - 40 мың тоннаны құрайды.  Квота шеңберінде нөлдік бажы әрекет етеді. Ет нарығының сарапшылары бағалауы бойынша квота мөлшері ресей нарығының осы етке қажеттілігінен елеулі  артық.

Росстат деректері бойынша, 2019 жылы РФ ірі қара малдың өндірісі 2018 жылғы 1,608 млн.тоннаға қарсы 1,625 млн.тоннаға дейін (таза салмағы) өсті. Өсімді ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен фермер қожалықтары қамтамасыз етті. Жеке қосалқы қожалықтарда өндіріс төмендеп барады.

Қазақстанда соңғы 5 жылда мал сою алаңдарының саны 1,3 есеге, ал бордақылау алаңдарының саны екі есеге артқанын атап өткен жөн.

Саланы дамыту бағдарламасын іске асыру 2027 жылға қарай 500 000 жаңа жұмыс орындарын құруға алып келеді, ал сиыр мен қой етінен экспорттық түсімдер 2,5 млрд. долларды құрайды (мал басының теңгерімдік құнының 5 млрд. долларға өсуі). Сонымен, жалпы экспорттан табыс 30 млн доллардан 2,4 млрд. долларға дейін өседі.

Нәтижесінде Қазақстан әлемдік сиыр етін экспорттаушылардың бестігіне кіруі мүмкін.

2020 жылы қазақстандық сиыр етін жеткізудің  122,1%-ға өсуі байқалған.


Қарау саны: 1208
Сақталған: 23.11.2024





Төрағаның блогы Әлемдегі жаңалықтар Қазақстан экономикасының оқиғалары Институттың жаңалықтары Пікір айдары National Economy: MONITOR Journal of Economy and Finance Пікір-талас клубы Сауалнама
2024
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2023
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2022
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2021
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2020
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!