БҰҰ Бас ассамблеясы:

05.01.2021

Бас ассамблея 2021 жылға арналған БҰҰ-ның бюджетін бекітті. Бас Ассамблеяның 75-ші сессиясының төрағасы Волкан Бозкыр құжатты келісімдеу бойынша жұмыс оңай болмағанын, бірақ соңында мемлекеттер бір шешімге келе алғандығын баса айтты. Оның айтуынша, бөлінген сома Ұйым міндетінің толық және тиімді орындалуын қамтамасыз етеді.

Бас ассамблея БҰҰ Бас хатшысы сұраған мөлшерден сәл аз соманы мақұлдады, бірақ айырмашылық шамалы, деп хабарлайды Ұйымның сайты. Барлығы 3,231 млрд АҚШ доллары бөлінді.

Естеріңізге сала кетейік, БҰҰ-ның тұрақты бюджеті Ұйымға мүше мемлекеттердің жарналарынан тұрады. Әрбір мемлекеттің жарнасы БҰҰ-ның жалпы шығындарының пайызымен есептеледі. Жарналардың  мөлшері үш жыл сайын БҰҰ Бас Ассамблеясы айқындайды. Оның негізіне мемлекеттердің төлем қабілеттілігінің қағидаты салынған. Бұл тәсіл жалпы ұлттық өнімнің көрсеткіштерін есепке алады. Егер нақты бір мемлекеттің экономикасы ойдағыдай дамитын болса, онда оның БҰҰ бюджетіне жарнасының мөлшері де өседі.

Қолданыстағы шәкілге сәйкес АҚШ БҰҰ тұрақты бюджетіне оның жалпы көлемінен 22 пайызды, Қытай – 12 пайызды, Жапония 8,5 пайыз, Германия 7 пайыздан сәл төмен, Франция 4,5 пайыз дерлік, Бразилия 2,9, Канада 2,7, Ресей - 2,4 пайыз, Австралия - 2,2, Қазақстан - 0,18, Украина - 0,05, Беларуссия мен Әзірбайжан - 0,04, Түркменстан мен Өзбекстан - 0,03, Грузия - 0,008, Армения - 0,007, Тәжікстан - 0,004, Қырғызстан - 0,002 пайызды енгізеді.


Қарау саны: 1296
Сақталған: 22.12.2024





Төрағаның блогы Әлемдегі жаңалықтар Қазақстан экономикасының оқиғалары Институттың жаңалықтары Пікір айдары National Economy: MONITOR Journal of Economy and Finance Пікір-талас клубы Сауалнама
2024
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2023
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2022
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2021
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2020
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!