Азық-түлік өнімдеріне әлемдік бағалар
13.01.2021
БҰҰ-ның Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы (ФАО) хабарлауынша азық-түлік тауарларына бағалар 2020 жылдың желтоқсанына қарай жеті ай қатарымен өсіп, үш жылдық шыңына жетті.
Ұйымда сүт өнімдері мен өсімдік майларының бағасы едәуір өскенін атап өтті. «Жалпы алғанда, 2020 жылдың аяғында ұдайы қолданыстағы азық-түлік тауарларына әлемдік бағалардың ауытқуларын ай сайын қадағалап отыруға мүмкіндік беретін осы индекстің орташа мәні соңғы үш жылда 97,9 пунктті құрап жоғары деңгейге жетті, бұл 2019 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 3,1% -ға жоғары» - делінген ФАО хабарламасында. Желтоқсанда өсімдік майларына бағалар индексі 4,7% өсті және 2012 жылғы қыркүйектен бастап ең жоғары шегіне жетті, дейді ФАО сарапшылары. Олар мұны пальма майын шығаратын жетекші елдер тарапынан ұсыныстың төмендеуімен және Индонезиядағы экспорттық баждардың жоғарылауымен түсіндіреді. Ұйымда соя майының әлемдік бағасының өсуін Аргентинадағы ұзаққа созылған ереуілдермен байланыстырып отыр. ФАО-да сүт өнімдеріне бағалардың өсуі Еуропадағы импорттық сұраныстың жоғары болуымен түсіндіріледі. ФАО ет бағасының индексі желтоқсанда 1,7 пайызға өсті, ал орташа жылдық мәні 2019 жылмен салыстырғанда 4,5 пайызға төмендеді. Жылдың соңғы айында құс етіне баға белгіленімдері импортқа деген сұраныстың артуы, бірінші кезекте Таяу Шығыста, жетекші өндіруші елдердегі ішкі сату көлемдерінің едәуір өсуі, сондай-ақ Еуропадағы құс тұмауының жағымсыз салдары сияқты факторлардың әсерінен күшейді. Африкадағы шошқа індетінің өршуіне байланысты Германиядан шығатын өнімдердің Азия нарығына экспорты уақытша тоқтатылғандықтан, шошқа етіне баға біршама төмендеді. ФАО-ның қантқа бағалары индексі желтоқсанда алдыңғы айда айтарлықтай өскеннен кейін 0,6 пайызға төмендеді. 2020 жылдың қорытындылары бойынша бұл ішкі индекстің мәні 2019 жылғы деңгейден 1,1 пайызға жоғары болды, бұл Қытай тарапынан импорт көлемдерінің едәуір ұлғаюымен және Индонезиядағы тамақ және сусындар өнеркәсібінен рафинад-қантқа сұраныстың артуымен түсіндіріледі, сонымен бірге бағаларға жоғары қысым Бразилия мен Үндістандағы өндірісте күтілетін өсуімен өтелді.
Қарау саны: 1130 |
|
|