Коронавирус пандемиясы
15.01.2021
ДДСҰ мәліметтері бойынша, өткен аптада әлемде COVID-19 ауруының келесі рекорды орнатылды. Жеті күн ішінде 5 млн астам адам коронавирус жұқтырды. Олардың жартысынан көбі - Солтүстік және Латын Америкасының тұрғындары.
Джонс Хопкинс университеті деректеріне сәйкес әлемде 90 млн. астам адам жұқтырған, 1,92 млн. адам қайтыс болды. Расталған жағдайлардың көшбасшысы 22,4 млн астам ауру анықталған АҚШ болып қала береді. Екінші орында Үндістан (10,4 млн), үшінші орында - Бразилия (8,1 млн астам), төртінші орында - Ресей, бесінші орында - Ұлыбритания (3 млн) болып табылады. Францияда, Түркияда, Италияда және Испанияда 2 млн астам жұқтырғандар тіркелді. Кенияда коронавирустың 16 жаңа штамдары анықталды, олардың кем дегенде біреуі ерекше және басқа жерде табылмаған. 18 қаңтардан бастап Францияда «африкалық» штамның таралу қаупіне байланысты жаңа шектеу ережелері күшіне енеді. Елге Еуропалық Одақтан тыс келгендердің барлығы апталық карантиннен өтуі керек, сонымен қатар оларда коронавирустық тесттің теріс нәтижесі болуы керек. Германияда COVID вакцинасын алған он егде адам қайтыс болды. Елде американдық Pfizer компаниясының препаратымен және оның неміс серіктесі BioNTech пен Moderna препаратымен вакцинация жүргізіледі. Осындай жағдайлар Норвегияда да тіркелді – онда, Pfizer вакцинасынан кейін 23 адам қайтыс болды, олардың барлығы созылмалы аурулары бар егде адамдар. Ресейде 100 мыңнан астам әскери қызметші коронавирусқа қарсы ерікті түрде егілді. Қысқы демалыс аяқталғаннан кейін оқу үдерісі басталатын әскери оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамынана вакцинация ұйымдастырылды, деп хабарлайды ресейлік БАҚ. Қазақстанда QazCovid-in коронавирусына қарсы отандық препаратпен 3 мың ерікті вакцинациялау аяқталды. 15 қаңтардағы жай-күйі бойынша Қазақстан Республикасында 23 734 адам КВИ емін жалғастыруда (11 922 КВИ + және 11 812 КВИ -), оның 6 142 пациент - стационарда, ал 17 592 пациент - амбулаториялық деңгейде. КВИ + және КВИ - пациенттерінің арасында: ауыр жағдайда - 285 пациенттер, қатты ауыр жағдайында - 76 пациент, ЖӨЖ аппаратында - 47 пациент бар. Англияның қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің мәліметтері бойынша коронавирусты жұқтырған адамдар кем дегенде бес ай иммунитетке ие болады. Зерттеу көрсеткендей, 6 мыңнан астам адамның тек 44-інде қайтадан ауру жұқтырғаны анықталды, осылайша адамдардың 83% -ы қайта жұқтырудан қорғалған. Сарапшылар вакцинаның вирустан қорғаудағы рөлін әлі зерттеген жоқ.
Қарау саны: 1061 |
|
|