Уағдаластықтарды сақтамау
18.01.2021
Россельхознадзордың вирус жұқтырылған қазақстандық қызанақ пен бұрыш туралы ақпараты салдарынан ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстанның барлық жылыжай шаруашылықтары мен республика аумағына әкелінетін қызанақтарға кешенді тексерулер ұйымдастырды. Зертханалық сынақтардың қорытындысы бойынша жылыжай шаруашылықтарында вирус анықталған жоқ.
2020 жылдың желтоқсан айында ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау жөніндегі федералдық қызмет (Россельхознадзор) "Green Capital Kazakhstan", "Green Land Alatau" ЖШС-нің өнімдерінде қызанақ жемістерінің қоңыр мыжылған вирусының (Tomato brown rugose fruit virus немесе ToBRFV) анықталғаны туралы, сондай-ақ "Greenhouse-Qaztomat" ЖШС қызанақ әкелуіне шектеу енгізу туралы хабарлама жіберді. ҚР АШМ АӨК Мемлекеттік инспекция комитеті шұғыл түрде ресми тергеу ұйымдастырды, оның барысында ПТР-талдау жүргізу үшін үлгілерді іріктей отырып, "Greenhouse-Qaztomat" ЖШС-ға комиссиялық тексеру жүргізілді. Талдау жүргізу үшін РФ БҒЗӨКИ жедел тестілері қолданылды. Ықтимал қателер мен келіспеушіліктерді болдырмау үшін әдістер мен әдістемелер ресейлік ұйымның мамандарымен салыстырылды. Сараптама қорытындысы бойынша "Greenhouse-Qaztomat" ЖШС өнімдерінде ToBRFV вирустары анықталған жоқ. Оның үстіне, объективтіліктің толықтығы үшін компания өз бастамасы бойынша іріктелген үлгілерді "Groen Agro Control" тәуелсіз зертханасына (Нидерланды) жіберді. Қосымша зерттеу нәтижелері бойынша жылыжай шаруашылығында вирус анықталған жоқ. Ұқсас комиссиялық тексерулер "Green Capital Kazakhstan" және "Green Land Alatau" жылыжай шаруашылықтарында жүргізілді. Бұл жағдайда да вирусианықталған жоқ. Ресми тергеу нәтижелері ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау жөніндегі федералдық қызметтің назарына жеткізілді. ҚР АШМ АӨК МИК РФ тарапынан шектеу шаралары ЕАЭО туралы Шарттың талаптарын бұзады және жасанды кедергі болып табылады деп есептейді. Осыған байланысты министрлік Еуразиялық экономикалық комиссияға жүгінуге ниетті. 2020 жылғы қаңтар-қарашада Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 17660 млн, АҚШ долларын құрағанын атап кетейік, бұл 2019 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 9,6% – ға аз, оның ішінде экспорт – 4966,4 млн, АҚШ доллары (13,5% - ға азайды), импорт-12693,6 млн, АҚШ доллары (7,9% - ға азайды). Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 92,2%, Қырғыз Республикасына – 4,1%, Беларусь Республикасына – 3,6%, Армения Республикасына – 0,1% келеді.
Қарау саны: 1135 |
|
|