04.02.2021
Google өзінің қазіргі қызметкерлері мен бағдарламалық жасақтама инженері лауазымына үміткерлерге 3,8 миллион доллар төлеуге келісті.
АҚШ Еңбек министрлігі тексеру барысында корпорацияның осы лауазымға қызметкерлерді іріктеудің кемсітушілік әдістеріне, сондай-ақ жалданған қызметкерлердің жалақысын анықтауға жүгінгені белгілі болды. Компанияның саясатын билік американдық Google кеңселерінде аталған лауазымға үміткер немесе қазірдің өзінде ие болған әйелдер мен азиялықтарға қатысты кемсітушілік деп таныды. Корпорация қызметкерлерге төлемдер жасау мен қызметкерлерді іріктеу кейде кемсітушілік сипатқа ие болғанын мойындады. Компания болашақта қызметкерлер мен үміткерлерге тең емес қарым-қатынасты болдырмау үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға уәде берді.
Сонымен қатар, Қазақстанда мәжілісмендер шетелдік әріптестермен жұмыс жасауда отандық экономиканы әртараптандыру мен дамыту мүдделерін негізге алу қажет деп санайды. Осыған байланысты "Ақ жол" фракциясының депутаттары барлық шетелдік жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық қызметкерлердің еңбек құқықтары мен жалақы деңгейін сақтауына тексеру жүргізуді, шетелдік және қазақстандық мамандардың еңбегіне ақы төлеудегі сәйкессіздіктерді жоюды; еңбек нарығын мұқият зерделегеннен кейін ғана шетелдік жұмыскерлерді тартуға квоталар беруді; шетелдік инвесторлардан Қазақстан мен оның азаматтарының ұлттық мүдделерінің сақталуын талап етуді талап етеді.
Қарау саны: 1062
Сақталған: 23.11.2024