ЕЭК Кеңесінің отырысы
02.02.2021
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің кезекті отырысы 2021 жылғы 29 қаңтарда ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың төрағалығымен бейнеконференция байланысы режимінде өтті. Алғаш рет Кеңес отырысына Өзбекстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Инвестициялар және сыртқы сауда министрі С.Өмірзақов бақылаушы мемлекеттің өкілі ретінде қатысты. Отырыс шеңберінде Кеңес мүшелері:
Қазақстандық тараптың бастамасы бойынша 2014 жылғы 23 желтоқсандағы ЕАЭО шеңберінде дәрілік заттар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге ұлттық заңнамаға сәйкес ішкі нарықта тұтыну үшін қажетті дәрілік заттарды тіркеу мүмкіндігін сақтау бөлігінде өзгерістер енгізудің орындылығы туралы мәселе қаралды. Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы ЕАЭО органдарында төрағалық етеді. 27 қаңтарда Халықаралық бәсекелестік желісі (ХБЖ) Үйлестіру комитетінің кеңесі өтті, оның барысында Еуразиялық экономикалық комиссияға ХБЖ мүшесі мәртебесін беру туралы шешім қабылданды. Жаңа мәртебе ЕЭК-ке ХБЖ-нің жыл сайынғы конференцияларына қатысуға ғана емес, сондай-ақ бүкіл әлемнің монополияға қарсы реттеушілерімен бәсекелестік саясаттың және құқық қолданудың, бәсекелестікті адвокаттандырудың неғұрлым өзекті мәселелерін талқылауға, бәсекелестіктің практикалық проблемаларына қатысты бірлескен шешімдер мен ұсынымдарды тұжырымдауға қатысуға мүмкіндік береді. ХБЖ-ға мүшелік тегін болып табылады және Комиссияны халықаралық бәсекелестік қоғамдастықта орнықтыруға, бәсекелестік саласындағы парасатты саясат қағидаттарына қатысты консенсусқа қол жеткізу үшін қажетті серпінді диалог жүргізуге мүмкіндік береді.
Қарау саны: 985 |
|
|