ЕЭК Кеңесінің отырысы

02.02.2021

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің кезекті отырысы 2021 жылғы 29 қаңтарда ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың төрағалығымен бейнеконференция байланысы режимінде өтті.

Алғаш рет Кеңес отырысына Өзбекстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Инвестициялар және сыртқы сауда министрі С.Өмірзақов бақылаушы мемлекеттің өкілі ретінде қатысты.

Отырыс шеңберінде Кеңес мүшелері:

  • Өз аумақтарында таңбалауды енгізген бірлестік елдері мен өз аумақтарында таңбалауды енгізбеген ЕАЭО елдері арасындағы өзара іс-қимыл тәртібі мен тетігін белгілейтін ЕАЭО-да тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау жүйесінің базалық моделі бекітілді. Қабылданған конструкция бір елде міндетті таңбалау енгізілген, ал басқа елде болмаған жағдайларда саудада кедергілердің туындауына жол бермеуге мүмкіндік береді.
  • Карантиндік іс-шаралар жағдайында электроника мен тұрмыстық техниканы өндірушілер мен импорттаушыларды қолдау мақсатында «Энергетикалық қауіпсіздікке қойылатын талаптар туралы» ЕАЭО техникалық регламентінің күшіне ену мерзімі 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін ұзартылды. Бұдан басқа, шаңсорғыштардың энергетикалық тиімділігі туралы таңбалауға қатысты норма белгіленген, сондай-ақ күшіне ену мерзімі: энергия тұтынатын құрылғылардың әртүрлі түрлері заттаңбаларының нысандарын және оларды ресімдеу қағидаларын белгілейтін ЕЭК Кеңесінің шешімдері 2022 жылғы 1 наурызға ауыстырылды
  • Электролиз алюминий өндірісінде қолданылатын фторлы алюминийге қатысты кедендік баждың «нөлдік» ставкасы 2023 жылдың соңына дейін ұзартылды. Бұл шара алюминий өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін қолдауға бағытталған. «Одақтағы алюминий фторидінің ішкі өндірісі алюминий кәсіпорындарының қажеттілігін тек үштен екісін ғана өтейді, жетіспеушілік үшінші елдерден жеткізілімдермен өтеледі. Осылайша, қабылданған шешім өндіріс шығындарын азайтуға және Одақтың алюминий өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін қолдауға ықпал етеді», - делінген ЕЭК сайтында.
Қазақстандық тараптың бастамасы бойынша 2014 жылғы 23 желтоқсандағы ЕАЭО шеңберінде дәрілік заттар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге ұлттық заңнамаға сәйкес ішкі нарықта тұтыну үшін қажетті дәрілік заттарды тіркеу мүмкіндігін сақтау бөлігінде өзгерістер енгізудің орындылығы туралы мәселе қаралды.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы ЕАЭО органдарында төрағалық етеді.

27 қаңтарда Халықаралық бәсекелестік желісі (ХБЖ) Үйлестіру комитетінің кеңесі өтті, оның барысында Еуразиялық экономикалық комиссияға ХБЖ мүшесі мәртебесін беру туралы шешім қабылданды.

Жаңа мәртебе ЕЭК-ке ХБЖ-нің жыл сайынғы конференцияларына қатысуға ғана емес, сондай-ақ бүкіл әлемнің монополияға қарсы реттеушілерімен бәсекелестік саясаттың және құқық қолданудың, бәсекелестікті адвокаттандырудың неғұрлым өзекті мәселелерін талқылауға, бәсекелестіктің практикалық проблемаларына қатысты бірлескен шешімдер мен ұсынымдарды тұжырымдауға қатысуға мүмкіндік береді.

ХБЖ-ға мүшелік тегін болып табылады және Комиссияны халықаралық бәсекелестік қоғамдастықта орнықтыруға, бәсекелестік саласындағы парасатты саясат қағидаттарына қатысты консенсусқа қол жеткізу үшін қажетті серпінді диалог жүргізуге мүмкіндік береді.


Қарау саны: 975
Сақталған: 23.11.2024





Төрағаның блогы Әлемдегі жаңалықтар Қазақстан экономикасының оқиғалары Институттың жаңалықтары Пікір айдары National Economy: MONITOR Journal of Economy and Finance Пікір-талас клубы Сауалнама
2024
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2023
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2022
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2021
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2020
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!