Digital-форум: Цифрлық қайта жүктеу

05.02.2021

Алматыда жыл сайынғы "Цифрлық қайта жүктеу: жаңа шындыққа серпіліс" халықаралық digital-форумы басталды. Бұл саяси көшбасшылар, ірі IT-компаниялардың басшылары, сондай-ақ халықаралық сарапшылар Еуразиялық экономикалық одақтың цифрлық күн тәртібін талқылайтын алаң.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Digital Almaty 2021" форумының қатысушыларына бейне үндеу жасады. Қазақстан Президенті пандемиядан кейінгі дәуірдегі цифрландыру перспективалары туралы өз ойымен бөлісті. "Біз болашақтың технологиялар мен инновациялардан тұратынын жақсы түсінеміз", – деді Қасым – Жомарт Тоқаев.

Ол Қазақстанда жасанды интеллект технологияларын дамыту және үлкен деректерді талдау туралы айтып берді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы ЕАЭО елдерінің цифрлық ынтымақтастығының күн тәртібін құра алатын бірқатар бағыттарды белгіледі.

Форум барысында Еуразиялық экономикалық одақ елдері: Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей үкіметтерінің басшылары сөз сөйлейді. Министрлер кабинетінің мәліметінше, тараптар ішкі нарықтың жұмыс істеуіне, кедендік-тарифтік реттеуге және инновациялық жобаларды іске асыруға қатысты ЕАЭО жұмысы мәселелерін талқылайды.

Бұдан басқа, Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин Михаил Мишустинмен кездесуде ЕАЭО цифрлық күн тәртібін және коронавируспен күреске қатысты осы саладағы ұсыныстарды талқылайтыны атап өтілді. Ресей Премьер-Министрі Қазақстанның цифрлық форум өткізу жөніндегі бастамасын құптап, қатысушыларды қызықты күн тәртібі күтіп тұрғанын атап өтті. Оның айтуынша, ЕАЭО мүшелері одақтың цифрлық күн тәртібін құру бойынша көп күш жұмсады.

Содан кейін 13 панельдік сессия басталады. Қатысушылар COVID-19 таралу кезеңіндегі жаңа технологиялар саласындағы үрдістерді, digital саласының денсаулық сақтау мен білім беруге әсерін талқылайды.

Іс-шараға кез-келген адам қатыса алады. Онлайн режимінде панельдік сессияларға қатысуға 5000-нан астам адам тіркелді.


Қарау саны: 1049
Сақталған: 05.02.2021





Төрағаның блогы Әлемдегі жаңалықтар Қазақстан экономикасының оқиғалары Институттың жаңалықтары Пікір айдары National Economy: MONITOR Journal of Economy and Finance Пікір-талас клубы Сауалнама
2024
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2023
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2022
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2021
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2020
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!