Chevron зауытындағы апат
10.02.2021
9 ақпанда АҚШ-тың Ричмонд қаласындағы Chevron компаниясы орналасқан зауытта мұнай төгілді. Сан-Франциско шығанағына төгілген қара алтынның ағысын мамандар апат басталғаннан кейін екі сағаттан соң тоқтата алған. Қазір мұнай төгілген жерде тазартылу жұмыстары жүріп жатыр. Жергілікті билік тұрғындарды жағалау маңында серуендемеуге шақырады. Дәрігерлер апаттың адам денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін деп ескертіп отыр. Оқиғаға қатысты тергеу ісі басталды.
Қарау саны: 939 |
|
|