Италия Ковид-19 эпидемиясын жеңді
22.07.2020
Италия коронавирус "дауылынан" шыққаны туралы хабарлады. Италияның Денсаулық сақтау министрі Роберто Сперанца елдің "дауылдан шыққаны", алайда "толық қауіпсіздікке" қол жеткізе қоймағандығы туралы хабарлады. «Менің ойымша, Италия бұл тығырықтан шықты. Мен үкімет емес, жалпы ел туралы айтып отырмын...», – деп түсіндірді Сперанца. Италия министрі эпидемия кезінде "оған ұйқы бермеген" шешімдерді қабылдағаны туралы да айтып кеткен болатын. Оның айтуынша соңғы айлар Италия тарихында Екінші Дүниежүзілік соғыс уақытынан бері ең ауыр кезең болды. Бұл ретте министр ауру толықтай кетті деп айтуға болмайтыны туралы мәлімдеді. Вакцина пайда болғанда ғана жеңіс туралы айтуға болады. Американдық Джонс Хопкинс Университетінің деректері бойынша 21 шілдеде Италияда COVID-19 -пен ауырған 244 мың науқас тіркелді. 197 мың науқас сауығып кетті, 35 мыңнан астам адам қаза болды. Ел Ұлыбритания мен Испаниядан кейін Батыс Еуропада ауруды жұқтырғандар саны бойынша үшінші орында орналасқан.
Қарау саны: 1560 |
|
|