Moody ' s: Қазақстанның рейтингі
17.02.2021
Moody ' s агенттігі Қазақстан экономикасы бойынша кредиттік пікірін жариялады. Жаңартылған деректерге сәйкес Қазақстанның рейтингі Baa3 «Оң» болжамы пандемияға дейінгі көрсеткіштерге сәйкес келеді.
Бастапқыда Baa3 рейтингі «Оң» болжамы Қазақстанға 2019 жылдың тамыз айында берілді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі. Baa3 мәртебесін және кредиттік рейтинг бойынша оң болжамды ұстап тұруға мүмкіндік берген факторлар мемлекеттік борыштың төмен деңгейі, елеулі фискалдық резервтер, экономика мен халықтың табысы өсуінің жоғары әлеуеті, дағдарысқа қарсы шараларды қалыптастырудағы және фискалдық орнықтылықты қамтамасыз етудегі Үкіметтің икемділігі мен тиімділігі болды. Moody ' s өндіруші және өңдеуші секторларда экономика өсімінің жоғары әлеуетін оң бағалап, 2020 жылы нақты сектор өсімінің оң қарқынын атап өтті. Бұл факторлар пандемияның таралуына байланысты экономикалық күйзелістерге қарсы айтарлықтай әсер етті. Аталған қарқынды ескере отырып, Moody ' s Қазақстан экономикасының кредиттік рейтингінің жоғарылау ықтималдығын атап өтеді. Қазақстанның кредиттік рейтингін арттыру үшін әлеуетті қалыптастыратын факторлар, оның ішінде институционалдық ортаны одан әрі реформалауға әзірлік, экономиканы одан әрі әртараптандыру, банк секторының орнықтылығын арттыру жөніндегі шаралар болып табылады.
Қарау саны: 1088 |
|
|