Ғарыш технологиялары
19.02.2021
"Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы мен Литваның аэроғарыштық кластері ғарыш технологияларын әзірлеу және пайдалану бойынша бірлескен жобалар туралы уағдаласты.
Ведомстволардың келіссөздерін Қазақстан СІМ бейнеконференция форматында ұйымдастырды. "Келіссөздер барысында тараптар ғарыш технологияларын әзірлеу және пайдалану, коммерциялық қызметтерді пайдалану жөніндегі бірлескен жобалар мәселелерін зерделеу, сондай – ақ тәжірибе алмасу және жоғары оқу орындары арасында байланыстар орнату туралы уағдаластыққа қол жеткізді", - делінген бейсенбі күні Республика СІМ сайтында жарияланған хабарламада. Министрліктің мәліметінше, Қазақстанмен ынтымақтастық туралы пікірлерімен NanoAvionics (наноспутниктерді жасау және ұшыру), Geomatrix (ғарыштық түсірілімдерді автоматтандырылған өңдеу), Black Swan (спутниктерді бағдарламалық қамтамасыз ету), Eksma Optics (лазерлік аспаптар), Astrolight (атмосфералық оптикалық желілер), Литва аэроғарыштық қауымдастығы, Вильнюс университеті, Каунас технологиялық университеті және Литваның этномәдениет мұражайы және т. б. компаниялар бөлісті. "Қазақстан Ғарыш Сапары" компаниясы республиканың ғарыш қызметі саласындағы салааралық бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысады; Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық міндеттерін шешуге бағытталған ғарыш технологияларын енгізумен айналысады; ғарыш жүйелері мен кешендерін құру бойынша тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізеді.
Қарау саны: 1253 |
|
|