USAID: Орталық Азия

26.02.2021

АҚШ үкіметі Халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы 25 ақпанда "USAID Орталық Азия энергетикасы" жаңа бесжылдық өңірлік энергетикалық бағдарламасын іске қосты. Бағдарлама бюджеті 39 млн долларды құрайды.

"Бағдарлама Орталық Азияның бес еліне - Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстанға - басым ұлттық энергетикалық мақсаттарға қол жеткізуге, энергия ресурстарының трансшекаралық саудасынан экономикалық пайда алуға және өңірлік интеграцияның үлкен есебінен энергетикалық қауіпсіздік деңгейін арттыруға жәрдем көрсетеді", - деп хабарлады Қазақстандағы АҚШ Елшілігі.

Жаңа бағдарлама арқылы USAID өңір елдерінің үкіметтеріне, кәсіпорындарға және басқа да мүдделі тараптарға, оның ішінде халықаралық даму мекемелері мен ұйымдарына, жүйелік операторларға, жергілікті және халықаралық инвесторлар мен энергетикалық компанияларға техникалық қолдау көрсетеді. USAID жобасы аясында "жергілікті мамандардың әлеуетін арттыру, сондай-ақ нарықтық қатынастарды дамытуға қолдау көрсету үшін" жергілікті және өңірлік серіктестермен тығыз ынтымақтасатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, қаңтар айында АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID) Әкімшісі көмекшісінің міндетін атқарушы Хавьер Пьедра Халықаралық даму және гуманитарлық көмек көрсету саласындағы екі агенттік арасындағы өзара іс-қимылды нығайту және ынтымақтастық үшін болашақ стратегиялық мүмкіндіктерді зерттеу мақсатында Қазақстан Республикасы Халықаралық даму агенттігінің (KazAID) үйлестірушісі Рапил Жошыбаевпен кездесті. Кездесу барысында Пьедра қысқа уақыт ішінде Қазақстан 1992 жылы USAID көмегін алушыдан халықаралық донорға жол жүріп өткенін, ол АҚШ-пен әріптестікте басқа Орталық Азия елдеріне олардың дамуына жәрдем көрсететінін атап өтті.

Анықтамалық: USAID халықаралық даму бойынша жетекші әлемдік агенттік болып табылады.

USAID Қазақстан үкіметімен, жеке сектормен және халықпен жұқпалы аурулармен күресуде, азаматтардың қажеттіліктеріне жауап беретін инклюзивті басқару институттарын құруда, әртүрлі және бәсекеге қабілетті сауданы кеңейтуде және жалпы энергетикалық және су ресурстары саласындағы өңірлік ынтымақтастықты дамытуда ынтымақтасады.

Қазақстанда USAID АҚШ үкіметінің Орталық Азиядағы стратегиясын ілгерілетуде.


Қарау саны: 1231
Сақталған: 22.12.2024





Төрағаның блогы Әлемдегі жаңалықтар Қазақстан экономикасының оқиғалары Институттың жаңалықтары Пікір айдары National Economy: MONITOR Journal of Economy and Finance Пікір-талас клубы Сауалнама
2024
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2023
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2022
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2021
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел

2020
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!